«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылордада 756 «бастаулық» кәсібін бастады

2019 жылғы 11 Қараша
- Қызылорда облысы
1457 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінде аймақта «Бастау» және «Жас кәсіпкер» жобаларының жүзеге асырылу барысы қаралды. Отырыста Палатаның Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Фархад Әбжаппаров пен аудандық филиал директорлары аталмыш жобалардың Қызылорда қаласы мен аудандарда орындалуына жеке-жеке тоқталып өтті.

Фархад Әбжаппаров хабарламасында «Бастау» жобасы бойынша биылғы жылы 3140 азаматты оқыту көзделіп отырғандығын, бүгінгі күнге дейін оның 2368-і білімін жетілдіргендігін жеткізді. Қазір өңірде «Бастаудың» биылғы жылдағы соңғы легі бойынша оқыту жүргізіліп жатыр екен.

«Оқыған азаматтардың 2093-іне «оқуды аяқтағандығы» туралы, 275-іне «оқуға қатысқаны» үшін сертификат табысталды. Бұл сертификаттардың айырмашылығы – «оқуды аяқтағандығы» жөніндегі құжат тек жобаны сәтті қорғай алғандарға ғана беріледі. Жоспар бойынша жыл соңына дейін ең кемі 628 азаматтың жобасы қаржыландырылуы қажет. Қазірдің өзінде ол жоспарымызды артығымен орындап, 756 «бастаулық» әр түрлі қаржы көздерінен қаржы алып, ісін бастап кетті», - дейді Палата маманы.

Өңірлік кеңес отырысында Фархад Әбжаппаров «Жастар жылында» еліміз бойынша пилоттық негізде қолға алынған «Жас кәсіпкер» жобасына да тоқталып кетті.

«Жас кәсіпкер» жобасы бойынша өңірімізде 1100 жас оқытылған. Олардың ішінде бүгінгі күнге дейін жалпы құны 252,4 млн.теңгені құрайтын 495 жоба қаржыландырылып, жас кәсіпкерлер жеке істерін бастап кеткен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер