«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ШҚО-да жас кәсіпкер студенттерге тайм-менеджмент шарттарын үйретті

2019 жылғы 14 Қараша
- Шығыс Қазақстан облысы
5841 просмотров

Өскемендік табысты кәсіпкер Аңсар Ешенбаев «Білім беру мекемелерінде кәсіпкерлік қызмет негіздері» жобасы шеңберінде жастарды тайм-менеджментке оқытуда

 6 қарашада С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің №7 оқу корпусында «Mr Grey» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі, барбершоп желілері, сондай-ақ бөдене шаруашылығының иесі Аңсар Ешенбаев 3-4 курс студенттеріне «SMART тайм-менеджмент» дәрісін өткізді.

 Кәсіпкер өзінің кәсіпкерліктегі табыс жолын айтты, қандай кедеріглер болғанын, қандай қателіктер жасалғанын әңгімеледі.

 «Мен дәл сіздер сияқты дәрістер тыңдадым, бизнес-жоспарлар жаздым, ал қазір сол бизнес-жоспарларды іске асырудамын. Қазақстанда қандай негізгі қателік жасалады? Егер бізде ақша болса – біз оны бір іске саламыз, бизнеске, осы ретте біз оны толық есептемейміз, бизнес-жоспарлар жазбаймыз. (...) Мен бизнеске келгенімде «ақшаны күректеп табамын» деп ойладым, бірақ бәрі ойлағандай емес екен. Старт кезіндегі басты қателігім – бизнес-жоспар жазбағаным, ешқандай принципті ұстанбағым, болжам жасамағаным болды. Мен адамдар өздері маған келіп шаш қияды да ақша жинап отырамын деп ойладым. Іс жүзінде олай емес. Егер сізде мүмкіндік болса, егер сізге көмектессе – бизнес-план жазыңыздар!», – деді кәсіпкер.   

 Аудиторияны тайм-менеджментпен таныстыру мақсатында Аңсар Берікұлы кері байланысты жолға қойды, студенттерге тапсырмалар беріп, қызықты жаттығулар жасатты. Ол кез-келген салада жоғары нәтижеге жету үшін жүйелі іс-қимылдардың әдісі мен жүйесін атады, жастардың бизнеске деген қызығушылығын оятып, өз тәжірибесінен көптеген мысалдар келтірді.

 «Сіздер міндетті түрде бөлісулеріңіз керек деп санаймын. Егер сіз табысқа жетсеңіз, ол түралы міндетті түрде айтуыңыз керек – осылайша біреуді талпындырасыз. Әрине, көреалмаушылар болады. Парето заңы 80/20 жұмыс істейді: 20% сізді мақтаншақ дейді, 80% сізге рақмет айтады, өйткені сіз тәжірибемен бөлістіңіз, жетілу жолында алғашқы қадам жасауға көмектестіңіз. Тіпті сіз бір жерге жұмысқа тұрсаңыз да сіз: «Білесің бе мен картопты тез тазалаудың әдісін таптым» деп айтасыз», – деді кәсіпкер.

Қатысушылар Аңсар Ешенбаевқа көп сұрақ қойды, пікір-таласқа белсенді қатысты. Олар мақсат қоюдағы мәселелерді талқылады, бизнесменнен маңсаптық өсу стратегиясы бойынша ұсынымдар, жоғары нәтижеге жету бойынша ұсынымдар алды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер