Ақмола облысында МЖӘ жобаларын іске асыруда кедергілер көп
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жобаларды жүзеге асыру мәселелері Ақмола облысы ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі барасында қаралды
2018 жылдың қыркүйек айында «B.B.NURA» ЖШС Көкшетау, Атбасар және Степногорск қалаларында МЖӘ шеңберінде гемодиализді орталықтарды ашуды бастамалаған. Атбасар қаласында орталық ашылды, ал облыс орталығы мен Степногорск қаласында мәселе шешілмей келеді.
Атап айтқанда, Степногорск қаласында гемодиализ орталығы жұмыс істеп тұр, жұмыс орындары құрылды, бүйрек терапиясы бойынша қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жоба әзірге жеке қаражат есебінен іске асырылып жатыр. Неге бұл жоба МЖӘ арқылы жүзеге аспауының себебі ретінде компания өкілдері мемлекеттік органдар тарапынан жасалатын кедергілерді айтуда.
«Мемлекеттік орган орталықтың ғимараты мүлік ауыртпалығында тұрғанын алға тартуда. Осы ретте мүлік ауыртпалығы – мүліктік жалдау шартына сәйкес қалалық аурухана ғимаратын мүліктік жалға алу болған», – деді ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Гүлден Сахаева.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының м.а. Бақытгүл Қазкенованың хабарлауынша, жоба оның экономикалық мақсаттылыққа сәйкес келмейтіндіктен сараптамадан өтпейді. Оның айтуынша, нормативтік талаптарға сәйкес жоба бастамашысы МЖӘ механизмінде өзінің қатысуы ретінде ғимаратты жалға алу үшін ай сайын 200 мың теңге салып отыруы керек.
Осы ретте «B.B.NURA» ЖШС аурухана ғимаратын жөндеу жұмыстарына, жабдықты сатып алу және орнатуға шамамен 50 млн теңге инвестициялаған.
«МЖӘ-ның көрсетілген жобасында мемлекеттік әріптестің өтемақыны және пайдалану шығындарын, қол жетімді комиссия мен кез-келген сыйақыны өтеу жасалмай отыр, яғни мемлекеттік әріптес тарапынан ешқандай қаржылық міндеттемелер орындалмай отыр. «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік» туралы Заңның 27-бабына сәйкес мемлекеттік органдардың мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге қатысуы ғимаратты берумен ғана шектеледі», – деді Гүлден Сахаева.
Кеңес отырысында «Evolve Sport» ЖШС бастамасымен МЖӘ шеңберінде Көкшетау қаласында спорттық семсерлесу орталығын ашу мәселесі қаралды. Жобаның бастамышалрының айтуынша, Дене тәрбиесі және спорт жөніндегі басқарма осы спорт түрінде жаттығулар өткізуге мүдде танытпай, түрлі кедергілерді жасап отыр.
Мемлекеттік органның деректері бойынша семсерлесу 2018-2019 жылдар аралығында өңірлік тізімге басымдыққа ие спорт түрі секілді енгізілмеген. Осы ретте соңғы екі жыл ішінде республикалық және халықаралық жарыстарда ақмолалықтар жүлделі орындармен келді.
Осы ретте «Evolve Sport» ЖШС инвестициялық шығындарды (күрделі жөндеу, жабдық) өзі көтеруде. Операциялық шығындарды өтеу бойынша (тренерлер, техникалық персоналға еңбекақы төлеу – жылына 30 млн теңге) компания Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан түсіндіруді сұрап отыр.
Талқылау қорытындысы бойынша Кеңес мүшелері салалық ведомстволарға спорттық семсерлесу орталығын құру жобасын аймақтық даму жоспарына қосу мүмкіндігін қайта қарастыруды ұсынды. Кездесуге қатысушылардың пікірінше, жоба мультипликативті әсерге, сондай-ақ ауқымды имидждік ресурсқа ие.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: