«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысында студенттерге табысты стартап құру жолдары түсіндірілді

2019 жылғы 04 Қараша
- Жетісу облысы
4646 просмотров

Алматы облысы Іле аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Ержан Туралықов өз бизнесін дамыту және оқыту бойынша қонақ дәрісі аясында колледж студенттерімен кездесіп, оларға өз бизнесін құру туралы қыр-сырын, мемлекеттік қолдау шаралары, өз бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін 505 мың теңге көлемінде грант алу мүмкіндіктері, сондай-ақ бизнесті және менеджмент пен жарнамаларды жүргізудің көптеген маңызды сәттері туралы айтып берді.

Студенттер ұсынылған ақпаратқа үлкен қызығушылық танытып қана қоймай, өз идеяларын ұсынды. Бірнеше жас Алматы қаласы аумағында қоғамдық тамақтану орындарын ашу бойынша стартап құру туралы ойларымен бөлісті.

Ержан Туралықов олардың әрқайсысын мұқият тыңдап, нақтылайтын сұрақтар қойды, содан кейін практикадан мысалдар келтірді, тақтада бизнес жүргізудің сызбасын салып, тіпті алдын ала қаржылық есеп айырысуды жүргізді. Сонымен қатар, ол мүмкін мәселелерді шешу тәжірибесімен бөлісіп, оларды шешу жолдары туралы әңгімеледі. Оның айтуынша, бизнесте табысқа жету үшін балалар белсенді, жауапты, мобильді, икемді, жаңа жағдайларға бейімделуге және өмірге мүмкіндіктер әлемі ретінде қарауға қабілетті болуы тиіс екенін айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер