«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҰКП: МЖӘ саласында қаржыландыру мәселесін шешу үшін кешенді шаралар қажет

2019 жылғы 01 Қараша
7361 просмотров

Нұр-Сұлтанда Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің алғашқы инвестициялық форумының «Уақыт – ақша. МЖӘ жобаларын қаржыландыру мәселелері» атты секциясының қатысушылары мәселені шешудің жолдарын ұсынды

Спикерлер сәтті іске асыру үшін жобалар егжей-тегжейлі есептеліп, құрылымдалуы қажет деген ортақ пікірге келді.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева кредиторлар және инвесторлардың тәуекелдерін жабудың маңыздылығын атап өтті.

 «МЖӘ бойынша жасалатын шарттар – оффтейк-шарттар емес. Сондықтан банктер оларды тұрақты кепіл ретінде қарастырмайды. Ақшалай ағындар кепілдендірілмеген, әр жыл сайын көрсетілген қызметтерге шартты қайта жасап отыру керек, шартты мерзімінен бұрын бұзған кезде өтемақы қарастырылмаған, мемлекеттік әріптес тарапынан міндеттерді орындамау тәуекелі жоғары», – деді Юлия Якупбаева. 

 Осы мәселелерді шешу ретінде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева тұрақтылықты қамтамасыз ететін МЖӘ келісімінің міндетті шарттарын анықтау бойынша жұмыс істеуді ұсынды. Атап айтқанда, оффтейк-шарты мерзімінен бұрын бұзу кезінде өтемақыны, ерекше жағдайлар механизмі және егжей-тегжейлі төлем механизмін міндетті түрде қарастыруы керек.

Сондай-ақ, спикер «МЖӘ білім базасын» құруды ұсынды.

 «МЖӘ Қазорталығы қызметін қайта форматтаудың уақыты келді. Біздің оймызша, ел ауқымында МЖӘ-ның сарапшылық ресурстарын біріктіретін орталық құру керек. МЖӘ саласында «білім базасын», МЖӘ дамуы бойынша өңірлер рейтингін жүргізу және үздік тәжірибелерді тарату қажет. Осылайша, жобаларды мониторингілеу және жергілікті жерде біліктілікті жоғарылату мәселелерін шешіп тастаймыз», – деді Юлия Якупбаева.

Палата Басқарма Төрағасының орынбасары МЖӘ жобаларының қарапайым тізілімін жүргізуден бас тартып, МЖӘ жобаларын басқару бойынша ақпараттық платформаны құру қажеттілігін айтты.

 «МЖӘ жобаларын басқару бойынша ақпараттық платформа қажет, бізге МЖӘ тізілімін қарапайым жүргізуден бас тарту керек.  Электрондық төлқұжаттарымен барлық жобаларға аумақтық тексеруді ұйымдастыру қажет. Сонымен қатар сәтті кейстердің деректер базасын құру маңызды. Шығарылатын МЖӘ жобалардың акселерациясын жасау. Бұл сапалы статистика мен аналитиканы құруға көмектеседі, инвесторларды іздеуді едәуір жеңілдетеді», – деді спикер.

 Юлия Якупбаеваның айтуынша, ұсынылып жатқан шаралар жеке әріптестер, сондай-ақ кредиторлар мен тексеруші органдар үшін пайдалы болады.

 Тәуекелдерді әділетті бөлу тақырыбын микроқаржы ұйымдарының өкілдері де қолдады.

 «МЖӘ дамуы үшін бірнеше негізгі шарттарды ұстану керек: қолайлы құқықтық орта, тиімді тарифтік әдістеме және концедент пен концессионер арасындағы теңгерімді келісім», – деді ЕҚДБ аға банкирі Григорий Савва.

 «Атамекен» ҚР ҰКП МЖӘ жобаларын қаржыландыру механизмдерін оңтайландыру туралы талқылауды Ұлттық экономика министрлігінде заң жобасы бойынша жұмыс тобының алаңында және ҰКП-ның МЖӘ жобаларын мониторингі жөніндегі кеңестің алаңында жалғастыру ұсынылды.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер