«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне үміткерлерден өтінімдерді қабылдау басталды

2019 жылғы 01 Қараша
- Алматы қаласы
10138 просмотров

1 қарашадан бастап Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелігіне үміткерлерден өтінімдер қабылдау басталды. Үміткерлер сайт арқылы өтініш бере алады.

«Ағымдағы жылдың 28 тамызында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелері ортақ уағдаластық негізінде өзін-өзі тарату бойынша шешім қабылдап, өңірлік кеңес мүшелігіне кандидаттар сайлауын өткізуді ұсынды. Алматы қаласы өңірлік кеңесінің шешімін, сондай-ақ Алматыда басқа қалалармен салыстырғанда отандық компаниялар саны басым (барлығы 186 000 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді) екенін ескере отырып, ҰКП өңірлік кеңес мүшелігіне кандидаттарды сайлауды пилоттық режимде Алматы қаласында өткізу бойынша шешім қабылдады. Содан кейін ҰКП Төралқасы шешімі бойынша алматылық тәжірибе бүкіл республикаға таралатын болады», - деп Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Юрий Тілеумұратов атап өтті.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы жылы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшелігіне кандидаттар сайлауын алғаш рет өткізеді. Пилоттық жоба жүзеге асырылғанна кейін кейін ҰКП осы тәжірибені республика бойынша өңірлік палаталарға таратуды жоспарлап отыр.                                                                                                      

«ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңына сәйкес өңірлік кеңестің мүшелері Съезд бекіткен тәртіппен кәсіпкерлік субъектілері атынан делегаттарының тікелей дауыс беруі арқылы сайланады.  «Атамекен» ҰКП қалыптасуы кезеңінде белгілі бір бизнесменнің қоғамдағы беделі және оның бизнесінің салалық маңызын есеаке ала отырып өңірлік кеңестің құрамын қалыптастыру орынды еді. ҰКП Сеъздінің 2018 жылғы 21 маусымдағы шешіміне сәйкес өңірлік кеңес мүшелерінің сайлауы ҚР ҰКП Төралқасы шешімімен үш жыл ішінде жүргізілуі керек. Сайлау туралы және үміткерлерге қойылатын талаптар бойынша толық ақпаратпен сілтеме арқылы танысуға болады.

Анықтама

Өңірлік кеңес – өңірлік кәсіпкерлер палатасының бақылаушы органы, оның келесі функциялары бар:

  • өңірлік палатаның ағымдағы қызметінде экономиканың жекелеген салалары мен секторлары мүдделерін ескеруді қамтамасыз ету;
  • кәсіпкерлік мәселелір бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу;
  • өңірлік палата дирекциясына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесуге көмектесу;
  • Ұлттық палата қызметінің тиімділігін арттыру бойынша Съезд қарауына ұсыныстар шығару;
  • Өңірлік палаталар және филиалдары жетекішілерінің кандидатурасын мақұлдау және т.б.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің белсенді жұмысының арқасында кәсіпкерлердің құқықтары көп мәрте қорғалды, нормативті-құқықтық актілерге отандық бизнес дамуына оң әсер еткен өзгерістер енгізілді:

1. Алматы қаласы ӨКП Өңірлік кеңесі мүшелерінің қатысуымен Жарнама туралы Заңға өзгерістер енгізілді, нәтижесінде  2019 жылдың сәуір айынан бастап жарнама объектілерін анықтауда профилактикалық бақылау механизмі енгізілді.

2. Алматыда боулинг, картинг, бильярд және т.б. қызмет түрлеріне белгіленген салық мөлшерлемесі орта есеппен 30%-ға төмендетілді.

3. Жұмыс беруші тарапынан қосымша 5% зейнетақылық жарналарды енгізу мерзімін шегеру бастамасы көтеріліп, оны ҚР Президенті қолдады.

4. Кәсіпкерлердің өтінімдері бойынша Қонаев және Байтұрсынұлы көшелері бойында велосипедттер жолақтарын жолдың бір шетіне ауыстыру бойынша өзгертулер жасалды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер