«ҚазАлкоТемекі»: Қазақстандағы алкогольдің 40%-ы – контрафактілік өнім
Қазақстанда алкоголь тұтыну деңгейі ашық көрсетілмейді
«Атамекен» ҚР ҰКП басшылығы және алкоголь өнімдерін шығарушы компаниялар өкілдерінің жұмыс кезлесуі барысында алкогольдңғ заңсыз айналымен күреске қатысты ҚР заңнамасына өзгерістері мәселелері талқыланды. Бүгінде аталған салада екі ірі бірлестік – «ҚазАлкоТемекі» және «КазСпиритс» жұмыс істейді, қос ұйым алкоголь өнімін өндіруші мен импорттаушы компаниялардың барлығын біріктіріп отыр.
2014-2018 жылдардағы статистика Қазақстанда алкоголь тұтыну деңгейі төмендегенін көрсетті. Бес жыл ішінде арақ өнімін өндіру 18,1%-ға қысқарды (37,5-ден 30,7 млн литрге дейін). Осы ретте алкоголь өнімдерінің импорты өсіп, өнімді жалпы тұтынуда жекелеген нарықтарда 40%-ға дейін үлесті сақтап келеді. Статистика алкогольдің заңсыз айналымын есепке алмайды, заңсыз айналым адал кәсіпкерлерге кедергі болып, ел бюджетіне төленбеген салық ретінде нұқсан келтіруде.
Статистика комитетінің деректері бойынша 2016 жылы ішкі тұтыну, экспорт және қорды қалыптастыруға 1113,3 млн литр арақ және ликер-арақ өнімдері қажет етілді, соның ішінде 74,1 млн литр тікелей халыққа өткізілді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша ликер-арақ өнімдері ресурстарын қалыптастыру көздері бойынша жетіспеушілік байқалды. Статистикалық ауытқу 20,3%-ды құраған, яғни елде арақтың әр бесінші шөлмегі – көлеңкеде.
«ҚазАлкоТемекі» қауымдастығы деректеріне сүйенсек, 35 млн литр немесе арақ нарығының 40%-ы заңсыз сатылады. TALAP зерттеу орталығы заңсыз арақтың 58%-ы ауылдық жерде, 27%-ы қалаларда сатылатынын есептеді. Заңсыз арақтың бір бөлігі – адам өмірі мен денсаулығына қауіпті суррогаттардан жасалады.
«ҚР қылмыстық кодексіне заңсыз алкоголь өнімін өндіруге, жалған алкоголь өнімін сатқаны үшін сауда субъектілерінің сауда жасау лицензияны қайтарып алғанға дейін шара қолданып, жауапкершілігін күшейту бөлігінде өзгерістер енгізу керек. Өнімді өндіру және сатуға жанама бақылау элементтерді белсенді енгізуге болады. Сатып алынған бөтелкелер және электр энергия шығыны бойынша әр зауыттың өндіріс көлемін есептеуге болады», – деді «ҚазАлкоТемекі» жетекшісі Әміржан Қалиев.
Кездесу қортындысы бойынша «Атамекен» ҰКП-да алкогольдің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейту бойынша ұсыныстар әзірленіп, уәкілетті мемлекеттік органға жіберілетін болады. Саланың басқа мәселесі – ЕАЭО шеңберіндегі сауда кедергілері, олар Қазақстанның алкоголь өнімдерін экспорттауға кедергі келтіруде.
«КазСпиритс» өкілі Д.Жуков ЕАЭО-да акциздеуге жататын салада үйлестіру саясаты акциздер деңгейін жоғарылатып, кедергілер мен шектеулерді алып тастай алмағанын айтты. Арақ өнімдерінің негізгі экспорты Ресейге (2013 жылы – 1 610,9 мың литр немесе жалпы көлемнен 96,1%) кететін. Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде РФ-ға экспорт мүлде жасалған жоқ. Қазқстандық этил спирті және арақ өнімдерінің ресейлік нарыққа баруына қатысты негізгі проблема «Росалкогольрегулирование» тарапынан жасалған тыйым болып отыр.
Беларусьқа арақ өнімін кіргізу мүмкін емес. Бұл елде арнайы импорттаушылар жүйесі сақталған, олардың қызметі квоталар арқылы мемлекеттің қатаң бақылауына байланысты өте шектеулі.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: