Білім беруде инновацияларды іске асыру мәселесі талқыланды
Елордада алыс және жақын шетелден серіктестер және сарапшылардың қатысуымен «Білім беруде инновацияларды іске асыру: практика, мәселелер, келешек» халықаралық форумы өтіп жатыр
Іс-шараны «Атамекен» және Адами капитал, білім беру және ғылымды дамыту жөніндегі ұйымдардың қауымдастығы ұйымдастырды.
31 қазанда пленарлық отырыс «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаевтың төрағалығымен өтті.
Спикерлер арасында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибигүл Асылова, Cambridge университетінің халықаралық емтихан орталығының жетекшісі Дэниел Брукер, National Geographic Learning ELT Оқыту жөніндегі департаментінің директоры Майк Томпсон, Қазақстан ІТ-компаниялары қауымдастығының атқарушы директоры Жоламан Уәлиев және басқа да салалық сарапшылар болды.
Өз сөзінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибигүл Асылова кадр тапшылығы және барлық деңгейдегі дайындау мәселесін көтеріп, сонымен қатар соңғы жылдары Палатамен бірге талқыланып, қабылданған барлық шараларды атады.
«Біз «Атамекенмен» бірлесіп, көптеген нормативтерді қайта қарадық, мемлекет жан басына қаржыландырудың тиімді нормативін, инвесторлар және бизнес қаражаты есебінен мектеп салу бойынша МЖӘ моделін әзірледік. Бизнестің қолдауы және онымен өзара әрекеттесу арқылы жеке мектептердің саны 50%-ға артты. Кәсіпкерлік негіздері – мектептерде оқытылуда, колледждерге арнап жұмыс берушілермен келісілген модульді бағдарламалар әзірленуде, дуальді білім беруге арналған сағаттарды монетизацияладық. Сонымен қатара балаларымыз рейтингі жоғары оқу орындарына баруы уақыт еншісінде. Жалпы, ретингтер жүйесі білім берудің басқа да объектілерінде қажет», – деді спикер.
Бірлескен жемісті ынтымақтастыққа шетелдік қонақтар Cambridge университетінің халықаралық емтихан орталығының жетекшісі Дэниел Брукер, National Geographic Learning ELT Оқыту жөніндегі департаментінің директоры Майк Томпсон ерекше үміт білдірді. Томпсон мырза соңғы жылдар ішінде ағылшын тілін оқытуда әдістеменің өзгерістері туралы айтты.
«Қазақстанда біз 15 жылдан астам уақыт жұмыс істеп жатырымыз, осы уақыт ішінде білім беру реформаларын ілгерілеттік. Назарбаев Зияткерлік мектептердің ашылуы басынан көмектесудеміз, оқытушыларды бағалап, кәсіби дамыту жұмысын жүргіземіз. Сонымен қатар Назарбаев универсиетпен жұмыс істейміз, ал білім беру министрлігімен ағылшын тілін бағалау және дамыту жөнінде бірлескен жобамыз бар. Министрлікпен оқу бағдарламасы шеңберінде инновациялық тестілеу кембридждік материалды қолданумен 50 пилоттық мектепті енгізудеміз. Кембридждің өзінде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобаны мақтан тұтады» – деді Дэниел Брукер.
Түлектерді дайындауда жүйелік реформаларды Қазақстан ІТ-компаниялары қауымдастығының атқарушы директоры Жоламан Уәлиев ұсынды, маманның елдегі кадр дайындығына көңілі толмайды. Ол оқу орнының инфрақұрылымы мен жүйелік жабдықтарының минималды моделін ұсынды.
«ІТ-компаниялар – жұмыс берушілердің пікірін шоғырландырып, ортақ пікірді білдіргім келеді. Мен аккредиттеуге, ЖОО бағалауға, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысамын. Жалпы, ІТ бойынша салалық жоғары орындары аз, ал көппрофильді жоғары оқу орындары бағдарламалау бойынша мамандықтарды дайындайды. Мысал келтірейін, бір білім ордасында 38 бакалаврдың ішінен үшеуі ғана бастапқы аттестаттаудан өте алды. Сонымен қатар түлектердің ешқайсысы біздің жұмыс берушілерімзге жұмысқа тұра алған жоқ. ЖОО-ға түсу немқұрайлы өрбиді – грант немесе «ата-анам солай айтттының» сынайы. Бағдарлама стандарттарын өзектендіру керек. Адами капитал – экономика негізі, сондықтан жүйелі шаралар қажет», – деді спикер.
А.С.Пушкин атындағы орыс тілі институтының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Эльхан Азимов, «Алгоритмика» жобасын дамыту жөніндегі директоры Арайлым Нұрғожа, «Study Inn» тіл мектептері EAQUALS халықаралық аккредитация департаментінің директоры Аида Оразаева және Дін істері комитеті Діни білім беру ұйымдарымен байланыс бөлімінің бас сарапшысы Ботагөз Ахметова баяндамалар жасады.
Форум екін күнге жалғасады, өткізу формасы диалог алаңы ретінде өрбиді. Форумға барлық мүдделі тараптар: жұмыс берушілер, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларының мектептері, қауымдастықтар, үкіметтік емес ұйымдар, «Кәсіпқор» холдингі» ҮЕҰ және Ы.Алтынсарин атындағы ҮЕҰ, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Білім және ғылым министрлігінің, Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің Дін істері комитетінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, еліміздің жетекші колледждерінің өкілдері қатысуда.
1 қарашада панельдік сессия шеңберінде ҚР білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформаларды жүзеге асырудың жүйелі және жедел мәселелері айтылады. Атап айтқанда, кәсіптік-техникалық білім беруде модульді білім беру бағдарламаларын енгізу, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу курсын іске асыру, мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау, оқушылар мен студенттердің тілдік біліктілігін қалыптастыру, бағалаудың халықаралық стандарттарын енгізу, колледждер оқу бағдарламаларын жұмыс берушілердің критерийлеріне қарай бейімдеу.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: