Түркістандық балабақша құрылтайшылары жан басына қаржыландыруды арттыуды сұрайды
Балабақшалардың жан басына қаржыландыру мәселелері кәсіпкерлер құқығын қорғау Кеңесінде талқылады
Түркістанда Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысында жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерін жан басына қаржыландыру мәселесі қаралды.
2018 жылдың қаңтар айынан бастап еліміздің барлық балабақшалары жан басына қаржыландыруға көшкен болатын. Бекітілген бірыңғай әдістеме бойынша есептеулерге сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдарда Түркістан облысында 2019 жылы жан басына қаржыландыру нормасы 27 237 теңгені құрауы керек еді.
Алайда, әлі күнге дейін Түркістан облысында бір балаға айына 20 988 теңге бөлінуде. Жеке балабақшалардың иелері жан басына қаржыландыру мөлшері негізінен үш затқа – коммуналдық қызметтерге, жалақыға, салықтарға жұмсалатындығын және бұл қаражат шығындарын өтемейтіндігін айтып өтті. Ал, ата-аналар жеке балабақша құрылтайшыларынан балаларын тәрбиелеу мен оқытудың сапасын талап етеді, бұл үшін қаражат жеткіліксіз екендігін айтып наразылықтарын білдірді.
Айта кету керек, бұл жағдай өз кезегінде кәсіпкерлер мен қатар ұйым қызметкерлерінің құқықтарын бұзуда. Өйткені жоғарыдағы қаржылардырудың сомасынан жұмысшыларға еңбек ақы төленеді, ал жалақысының төмен болуы, балаларды тәрбиелеу мен оқыту сапасын төмендетеді.
«Қаржыландырудың жеткіліксіздігінен біз қызметкерлердің жалақысын көтере алмаймыз. Осылай жалғаса беретін болса біздің барлық мұғалімдеріміз мемлекеттік балабақшаларға немесе басқа салаға кетіп қалуы мүмкін. Жылдың аяқталуына не бәрі екі ай қалды, ал сұрақ орнынан да қозғалмады»,- деді мектепке дейінгі мекемелер Ассоциясының Түркістан облысы филиалының төрағасы Дильдар Хабибова.
Айта кету керек, Түркістан облысында барлығы 1424 мектепке дейінгі мекеме бар, оның 526-сы мемлекеттік, 902-і жекеменшік, яғни Түркістан облысында ашылған әрбір екінші балабақша кәсіпкерлік субъектісі болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбие 150 мыңнан астам баланы қамтиды, оның ішінде 101 мың бала жеке мектепке дейінгі ұйымдарға барады.
Ал облыс бойынша қамтылмаған балалардың саны 16 мыңды құрайды. 16 аудан мен қалаларды санағанда ең көп қамтылмаған балалар көрсеткіші Сайрам ауданына тиесілі – 1797, Мақтаарал ауданында – 1544 және Келесте – 1062.
«Кәсіпкерлер өз қаржыларын инвестицияға салды, жұмысшылар ұжымын құрды, оларды жұмыспен қамтыды, сонымен қоса қаржының жетіспеушілігінен олар қазір тұрақсыз жағдайда қалып қойып отыр. Бұл мәселе әлеуметтік сипатқа ие. Кәсіпкер ертең ашқан мекемесін жауып тастайды немесе жаңа бизнес бағдарын дайындайды. Жергілікті бюджетке тиісті түзетулер енгізу қажет»,- деді Кеңес төрағасы Орынбасар Кабиштаев.
Палата сарапшылары жергілікті атқарушы органдарға қайта-қайта хат жіберген, ал оған жергілікті «қазынада» жеке балабақшаларды қаржыландыруға қаржы жетіспейтіні туралы айтылған түрлі себептерге сілтенген жауап алынған.
Кеңес мүшелері бұл мәселені Түркістан облысының әкімдігі, дәлірек айтсақ, қазіргі уақытта белсенді емес адам капиталын дамыту басқармасы шешуі керек деп шешіп, Кәсіпкерлер палатасына облыс әкімдігіне тиісті ұсыныстар жіберуді ұсынды. Өз кезегінде бұл мәселені облыстық прокуратура өз бақылауына алды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: