«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Өнеркәсіп» жаңа ақпараттық жүйе іске қосылды

2019 жылғы 28 Қазан
- Қарағанды облысы
8161 просмотров

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, өңдеу өнеркәсібінде жаңа ақпараттық-талдамалық жүйенің құрылуы туралы хабарлайды

Жоба мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне, кәсіпорындарының жүктелуіне мониторинг жүргізуге арналған, жоба кооперация және шығарылатын өнімді өткізу мақсатында кәсіпорындарға контрагентт іздеуге көмектеседі. Жобаны жүзеге асырудың бірінші кезеңінде ел ауқымында 2 мыңнан астам өңдеу кәсіпорындарын қамту жоспарланған, соның ішінде 354-і – Қарағанды облысында орналасқан. Олардың қатарында құрылыс индустриясы, машина жасау, химия, фармацевтика, тамақ және жеңіл өнеркәсібінің кәсіпорындары бар.

 «Жүйенің басты ерекшелігі big data кәсіпорныдар ұсынған деректерден қалыптастырылады. Сонымен, елдің шикізаттық емес секторын дамыту үшін бизнесті мемлекеттік қолдаудың түрлі шаралары жасалды. Осы ретте мониторингтің орталықтандырылған механизмі жоқ. Бұл жүйе мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талдауға, әр сала бойынша «проблемалық мәселелерді» анықтауға және кәсіпорындардың өзінен сенімді ақпарат алуға бағытталған. Компанияларымыз өнімді өткізуді кеңейте алады. Осы ретте назарларыңызды аталған кәсіпорындар туралы ақпарат үшінші тұлғаларға қолжетімсіз болатынына аударамыз», – деді Қарағанды облысы ӨКП директоры Ернар Күлпейісов.

 Аталған жүйемен келесі сілтемеден танысуға болады.

 «Өнеркәсіп» ақпараттық жүйесіне қатысты сұрақтар бойынша Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасына хабарласуды сұраймыз: Ермеков к., 29, 3-қабат, 316-кабинет, тел: 8(7212) 506416, e.kaliev@atameken.kz

 Өнеркәсіп кәсіпорындарын Қазақстанның өнеркәсіп саясатын жетілдіру мақсатында «Өнеркәсіп» ақпараттық жүйесін құруға белсенді қатысуға шақырамыз!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер