Украинаға тасымалданатын қазақстандық көмірдің транзиттік квотасы артты
Қазақстандық көмірді Украинаға транзиттік тасымалдауға квота көлемі 140 мың тоннаға дейін артты
Бұл келісім ресейлік тараппен келіссөздер жүргізу шеңберінде жүзеге асты.
Естеріңізге салсақ, РФ ағымдағы жылдың шілде айынан бастап Украинға бағытталған тауарды шығаруды шектеу шараларын қолданып келді, осы жайт қазақстандық көмір экспортын төмендетіп, Қазақстан көмір өнеркәсібінің экономикалық жағдайына кері әсер етті.
«Қазақстан темір жолы» АҚ деректеріне сәйкес ағымдағы жылдың маусым айынан 4 қазан аралығында Украина бағытына жарияланған 1,551 мың тонна көмір көлемінен Ресей тарапы тек 408 мың тоннаны өткізуді мақұлдап, 1,143 мың тоннаны қайтарып жіберген. Осылайша, РФ арқылы транзитпен Украинаға көмір экспортының жүзеге асырылымаған көлемі 4 ай ішінде 1 143 мың тоннаны құраған. Тамыз және қазан аралығында РФ қазақстандық көмірдің транзитіне ай сайын 86,5 тоннадан артық емес көлемді рұқсат еткен.
Транзитті шектеуді алып тастау мәселесі 14-15 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссия шеңберінде қаралған болатын.
Мақұлданған көлемдерді игеру шамасына қарай, ресейлік тараппен қазақстандық көмірдің транзитін ұлғайту жөніндегі келіссөздер жалғасады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: