Атырауда «Бастау» түлегі үштілдік оқу орталығын ашты
Білім беру нысанында балаларды беделді оқу орындарына түсуге дайындайды
Анар Мұханова мамандығы бойынша – мұғалім математик. Бес жыл бойы Назарбаев зияткерлік мектебінде жұмыс істеген. Ары қарай отбасылық жағдайларға байланысты балаларды репититор ретінде үйде оқытуға мәжбүр болды. Алайда білім беруге деген үлкен сұраныс болғандықтан жекелеген оқу орталығын ашу қажеттілігі туды.
«Атырауда сапалы білімге үлкен сұраныс бар. Ата-аналар балаларға көбірек білім беруге, және мектеп қабырғасынан бастап оларды беделді оқу орындарға түсуге дайындауға тырысады. Сондықтан жеке оқу орталықты ашам деп шештім. Бизнес-идеямды нақтылап алдым, ары қарай кәсіпкерлік негіздері бойынша білім қажет болды. Осы мәселеде маған «Бастау» жобасы көмектесті, оқуға қатысу арқылы бизнес бойынша пайдалы ақпарат алдым», – деді Анар Мұханова.
Қазіргі таңда «YS Education» оқу орталығында 60-қа жуық бала оқиды. Негізгі басымдық жаратылыстану ғылымдарына берілген. Орталықта 5 білікті мұғалім жұмыс істейді. Жас кәсіпкердің жоспарында – грантқа өтінім беріп, бизнесті кеңейту.
Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресовтың айтуынша, алғашқы жылы «Бастау» жобасының түлектері ауыл шаруашылығына көбірек көңіл бөлсе, қазіргі таңда қызмет көрсету саласында сұраныс көп.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: