«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шетелге қалай сатуға болады: экспорттаушыларға арналған бескүндік семинарлар өтеді

2019 жылғы 21 Қазан
- Алматы қаласы
4290 просмотров

Бескүндік тегін семинарлар және вебинарлар  сериясы  Қазақстанда басталды

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Алматы және Шымкент қалаларында онлайн және офлайн оқыту тренингтерін өткізуде. Бес күн бойы экспорттаушылар және экспорттаушы болғысы келетіндерге отандық өнімді мақсатты нарықтар – Қытай, Иран, ЕО, ЕАЭО, Таяу Шығыс елдеріне экспорттау кезіндегі сыртқы экономикалық қызметті реттеу туралы айтылды.

Аталған семинардың оқытушылары – танымал әрі білікті халықаралық және отандық тренерлер. Олардың қатарында – РФ-ның топ-20 үздік тренерлер қатарына енген Алексей Урванцев, CCIC директорының орынбасары Сюй Вэньсянь, сонымен қатар Николай Ефимчук, Саид Галибаев, Нурлан Мурумбаев, Сабит Нарбаев, Тимур Сабитов және Самал Мамашева бар.

Бескіндік оқу семинары кезінде халықаралық маркетинг, мемлекеттік экспортты қолдау, шығындарды өтеу, ҚХР, БАӘ-ге экспорт талаптары, кедендік рәсімдер, ҚХР-дағы қаржылық операцияларға қойылатын талаптар, экспортқа салық салу мәселелері, ҚҚС қайтару рәсімдері, электрондық сауданың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, тауарларды қосудың талаптары мен рәсімдері туралы Қытайға экспорттау кезіндегі кедендік тіркелімге, шетелдік көрмелерге тауарлардың импорты мен экспортын жеңілдету, сыртқы нарықтарға шығу кезінде логистикалық процестерді оңтайландыру турады айтылады.

 Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы оқу тренингтерін тегін өткізеді. Сонымен қатар тренингтер соңында тестілеуді өткен қонақтарға сертификаттар беріледі.

Іс-шараға тіркелу сілтемесі

Офлайн-тренингтерді өткізу күні мен орны:  

21-25 қазанда – Алматы қаласы, Алматы Менеджмент Университет, Розыбакиев көшесі 227-үй, «AlmaU Conference Hall» аудиториясы, 6-қабат, №600 кабинет.

Офлайн тренингтер жайында анықтама ақпарат: . + 7 701 113 3161 (Саят Бокишев).

 Вебинарлар туралы анықтама ақпарат: + 7 (7172) 279-055 (ішкі: 211) Нурболат Сукуров, e-mail: n.sukurov@atameken.kz

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер