Медициналық өнім өндірушілер мемлекеттік тапсырыстан қағылуы мүмкін
Медициналық мақсаттағы өнімдерді отандық өндірушілер мен «СК-Фармация» ЖШС дәрі-дәрмектер және медицианлық өнімдерді сатып алу бойынша бірыңғай дистрибьютер арасындағы даулы ситуация «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында қаралды
Мемлекеттік органдардың келісілмеген іс-әрекеті салдарынан отандық зауыттардың ұзақ мерзімді келісімшарттары тоқтап қалу алдында қалды.
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева жиынды ашып, медициналық заттардың отандық нарығы белсенді даму үстінде, 500-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды, мемлекеттік органға өндірушілерден түсетін салықтық төлемдердің көлемі 400 млн теңгені құрағанын айтты. Ұзақ мерзімді келісішарттар шеңберінде 2012 жылдан бастап алғашқы жеткізілімдерден өндірушілер шағым-талаптары жоқ.
«Медициналық мақсаттағы өнімдерді сатып алу туралы ұзақ мерзімді келісімшарттарға қосымша келісімдер жасайтын уақыт жетті, өйткені ағымдағы жылдың 1-15 желтоқсаны аралығында өндірушілер заттардың жеткізілімін орындауы керек. Алайда, ағымдағы жылдың қыркүйек айында ойын шарттары күрт өзгеріп кетті», – деп түсіндірді проблеманың мәнін Юлия Якупбаева.
Бірыңғай дистрибьютор қазан айының басында өндірушілерге олардағы сапа сертификаттары қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмейтіні және жаңа үлгілерін талап ететіні туралы хат жолдады.
Бірақ сертификатты алу процедурасы – формальді емес. Сертификаттау жөніндегі ұйым тарапынан сапаны нақты тексеруі үшін екі айдай уақыт кетеді. Яғни, өндірушілердің пікірінше, сертификатты қысқа мерзімде алу – орындалмас шарт.
Осы ретте көлем мен жұмыс орындарын жоғалтып аламу үшін кәсіпкерлер Қазақстанда сертификаттаудан өтуге дайын.
«Бізге ҚР заңнамасына сәйкес сертификаттаудан өтуге уақыт беріңіздерші, біз тіпті бас тартпаймыз. Бірақ 8 зауыт үш апта ішінде сертификатты алу процедурасын өте алмайды», – деді ТОО «Super-Pharm» ЖШС директоры Қайрат Қаймолдаев мемлекеттік органдарға қарап.
«Өз өнімімнің сапасы мәселесіне жауаппен қараймын, көрмелерге жиі қатысамын. Сертификатымды Еуропада та растады. Біздің нарықтарға кіріңіздер деп айтты. Енді өз елімізде Ұзақ мерзімді келісішартты – кәсіпорным жеткізілімдерді жасай алады еп дәлелдеп жүріп әрен алдым. Осы ретте жаңарту жұмыстарына қаражат бөлемін, қызметкерлерімді Еуропа, Ресей және Украинада оқытамын. 2019 жылы өнімді 2012 жылы болған бағадан 12%-ға төмен бағада өткізіп жатырмын. Енді бізге қос сертификацияны ұсынуда. Сіздер түсінесіздер ме, біз өнімімізді өндіріс кезеңінде, нарыққа шығарудың алдында-ақ сертификаттап, халықаралық үлгідегі сертификатты алып қойдық. Кезекті сертификаттаудан өту үшін 1,5 млн теңгені қайдан аламын? Менің қарамағымда 45 қызметкер, олардың отбасылары бар», – деді «JULDYZ KENAN Co., LTD» ЖШС директоры Бағлан Баққұлова.
Кәсіпкер алғашқылардың бірі болып халықаралық үлгідегі сертфиикатты алып, өнімді көрші нарықтарға экспорттауда.
Сонымен қатар кәсіпкердің айтуынша, мұндай жағдайда ол кәсіпорынды жабуға мәжбүр болады, адамдар жұмыссыз қалады.
Қауымдастықтың төрайымы Гүлмира Мұхамеджанова қатысушылардың назарын медициналық өнімдерді бүкіл әлемдік нарығы аккредиттеу бойынша мемлекеттік органдардың онлайн-базасы арқылы жұмыс істейтіндігіне аударды. Әр елде осы базаларға ашық қолжетімділік жасалған, сертификат нөмірі бойынша оның жарамдылық мерзімін, оны берген орган туралы ақпаратты көруге болады. Осы деректердің барлығы мобильді қосымша арқылы QR код бойынша анықтауға болады.
Мемлекеттік органдардың өздері халықаралық сертификаттарды тануға қатысты келісімге келген жоқ.
«СК-Фармация» ЖШС Басқарма Төрағасының м.а. Берік Шәріптің айтуынша, бірқатар тексерулерден соң бақылаушы орган сертификаттар берген халықаралық компаниялар қазақстандық тізілімде аккредиттелмегенін анықтады.
ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының орынбасары Ғалия-Бану Мейірбаева «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңына сәйкес, шетелдік компаниялар ҚР-да аккредиттелуі тиіс, ал Қазақстанда қызмет бастаған осындай ұйымдарға арналған тізілім есеп жүргізуге ғана арналған.
Талқылау аясында Юлия Якупбаева, егер дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы өнімдерді сатып алуға қатысу үшін басқа елдердің өндірушілері ішкі нарыққа шықса, олар қандай сертификаттар береді деген сұрақ қойды.
«Дәрі-дәрмек және медициналық өнімдерді сараптау ұлттық орталығы» РМК бас директоры Арнұр Исабаевтың айтуынша, №1729 қиғадаларына сәйкес ISO 13485 сертификатының болуына қатысты талаптар Ұзақмерзімді келісімшарттарды жасауға ғана қажет. Ал дистрибьютерлер қатыса алатын байқау кезінде бұл талаптар жоқ.
Әзірге мемлекеттік органдар сатып алулардың шарттарын талқылап жатқанда, зауыттар құрдымға кетіп қалуы мүмкін, ал медициналық ұйымдар – медициналық көмекке қажетті заттарды: шприцтер және бірреттік перчаткалардан бастап жүрек ипланттары мен стендтерді уақытында ала аламйды.
Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров барлық тараптарды тыңдап, ҚР Денсаулық министрлігі орын алған мәселені шешеуге белсенді қатысуға дайын екенін жеткізді.
Соның нәтижесінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жедел әрекет етіп, ҚР Сауда және интеграция министрлігі басшылығымен кездесіп, қиын ситуациядан шығу жолдарын талқылау бойынша шешім қабылдады. Қажет болса нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізіледі.
Кездесу жуық араға жоспарланған. Бұл мәселе оң шешіледі деген үміттеміз.
Кәсіпкерлердің өзі ресми үндеуді Мемлекет басшысына жолдады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: