ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасының ағымдағы нұсқасын жариялайды
Ұлттық кәсіпкерлер палатасына (бұдан әрі – ҚР ҰКП) 2014 жылғы 7 сәуірдегі ахуалы бойынша ЕАЭО туралы Шарттың жобасы қосымшаларымен бірге (функционалдық бөлімі) келіп түсті, деп хабарлайды Palata.kz.
Шарттың 2014 жылғы қаңтар-наурыз айларында белсенді түрде талқыға салынған алдыңғы өзекті нұсқалары бұрындары ҚР ҰКП сайтында жарияланған болатын. http://palata.kz/ru/news/3129
Қазіргі уақытта Шарт жобасын дайындау Жоспарына сәйкес, құжат аяқталу сатысында, оған Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің мемлекет Басшылары Астана қаласында осы жылдың мамыр айында қол қояды.
Жобаның функцияналдық бөлімі барлық Қосымшаларымен толық берілмеген, олар сайтта қосымша жарияланатын болады. Сонымен қатар, төмендегі қосымшалар жоқ:
1. Қосымша №6 Еркін (арнайы, ерекше) зоналар туралы хаттама;
2. Қосымша №15 Қызметтерді және инвестицияларды сату тәртібіне қатысты хаттама;
3. Қосымша № 27 Білім беру саласындағы мүше мемлекеттер қызметтестігі туралы хаттама;
4. Қосымша № 28 Денсаулық сақтау саласындағы мүше мемлекеттер қызметтестігі туралы хаттама;
5. Қосымша № 29 Мәдениет саласындағы мүше мемлекеттер қызметтестігі туралы хаттама;
6. Қосымша № 30 Ғылым саласы және техникалық саладағы мүше мемлекеттер қызметтестігі туралы хаттама;
7. Қосымша №31 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мүше мемлекеттердің кеден органдарының құқықтық көмек және өзара әрекеттесуі туралы хаттама (бұл қосымша ЕАЭО туралы кеден кодексіне жеке тарау ретінде қосылатын болады);
8. Қосымша №32 Қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастыруға (жасыруға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру бойынша шаралар туралы хаттама;
9. Қосымша №33 Ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету және өнеркәсіптік көмекқаржы беру тәртібіне байланысты дауларды реттеу ерекшеліктері туралы хаттама.
Бұл қосымшалар олардың келу мөлшеріне қарай қосымша жарияланатын болады.
ҚР ҰКП кәсіпкерлік қауымдастықтың өкілдігіне ЕАЭО туралы Шарт жобасы және оның қосымшаларын талқылауға біршама белсене ат салысуды сұрайтынын қосымша хабарлаймыз. Өз ұсыныстарыңызды/ескертулеріңізді Сіз ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне, не болмаса мына e-mail арқылы бағыттай аласыз: b.umytbayev@palata.kz
Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың жобасымен мына жерде танысуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: