Қайырбек Сүлейменов: заң шығарушы орган шенеуніктерге мемлекеттік сатып алулар саласында заң бұзуға құқықты өзі берген
17 қазаңда «Атамекенде» Қайырбек Сүлейменовтың төрағалығымен Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысы өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдар, бизнес және қауымдастықтардың өкілдері қатысты. Күн тәртібінде сатып алулар мәселелері талқыланды.
Кеңес жұмысын ашып, Қайырбек Сүлейменов мемлекеттік секторда да, квазимемлекеттік секторда да, сатып алуларға қыруар қаражат бөлінетінін атап өтті. Мемлекеттің барлық шараларына қарамастан сатып алулар экономиканың ең жемқор саласы болып отыр. Сатып алулардағы сыбайлас жемқорлықтың белгілері шешілмеген мәселе, мемлекет 20 жыл бойы осы «дертпен» күресіп келеді, 3 дербес заң қабылданды, оларға жыл сайын түзетілер енгізіледі, ал проблема өзектілігін жоғалтқан жоқ. Жыл сайын шенеуніктер сатып алулардан жеке пайдасын көріп келеді.
Құқықтық статистика деректері бойынша 2017 жылы Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 207-бабы бойынша 2437 адам жауапқа тартылған, ал Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің деректері бойынша комералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы 11 022 бұзу фактісі анықталған. Демек, жауапкершілікке 22% тартылған. Мәселен, Ақтау қаласында сатып алулар басқармасының жетекішісі мен оның қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке 25 рет тартылған, соған қарамастан олар осы салада әлі де кедергісіз жұмыс істеп келеді.
Мұндай жайт Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 207-бабы бойынша өкілетті тұлға комералдық бақылау нәстижесінде анықталған бұзушылықты алып тастау туралы хабарландыруды алғаннан бастап 10 жұмыс күні ішінде өз бетінше жасалған бұзушылықты жойса, әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды
«Заң шығарушы орган өкілетті тұлғаларға мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы бұзу құқығын өзі беріп отыр, ал егер осы бұзышылқтар көбейген жағдайда өкілетті тұлға осыған дейін шығарылған актілерді заңнамаға сәйкес қалыпқа келтірген жағдайда жауапкершіліктен құтылады, яғни өзіндік индульгенция жасалады – шенеунікті заң бұзғаны үшін жазалаудан босату», – деп санайды Қайырбек Сүлейменов.
Заңның аталған мүмкіндіктері бақылаушы органдарға сатып алулар процесіне өз бетінше араласуға, ішкі мемлекеттік аудит органдарының құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша да міндетті хабарламалар беруге құқық беріп отыр.
Осылайша, заңнамадағы және мемлекеттік сатып алуларды қамтамасыз етудегі проблемалар мен қайшылықтар кәсіпкерлік қызметтің дамуына теріс әсер ететін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің қалыптасуына жағдай жасауда.
Тұтастай алғанда, 2018-2019 жылдар ішінде сатып алулар саласында 496 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелген (2018 жылы – 275, 2019 жылы – 211 – ред). Көп жағдайда қылмыстар құрылыс объектілерін салу саласында орын алады – 140 факті, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында – 90, білім беру – 77, денсаулық сақтау –33, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік қамсыздандыру салаларында – 15 фактіден тіркелген.
Жемқорлық қылмыстардың басым бөлігі Атырау облысы (79), Қызылорда облысы (66), Батыс Қазақстан облысы (46), Шығыс Қазақстан облысы (34), Алматы облысы (33), Павлодар облысы (33) және Түркістан облысында (33) байқалған.
Ары қарай жиын қатысушылары Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі жанындағы Сарапшылық топ ұсынған Тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алулар саласындағы жемқорлықтың жағдайына қатысты талдауды талқыға салды. Нақты мәселелер бойынша өкілетті органмен ары қарай іс-қимыл жүргізу үшін хаттама құрылды.
«Атамекен» ҚР ҰКП Қоғаммен байланыс департаменті: 8 (7172) 919-367, pr@atameken.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: