ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2015 жылға міндетті мүшелік жарналар мөлшерін анықтауға деген ұстанымдарды талқылауға шақырады
Құрметті Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері,
«Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңының 5-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1560 қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарналардың мөлшері бекітілген.
Аталмыш Қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарналардың келесі шекті мөлшерлері бекітілді:
1) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын, есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдағы жылдық жиынтық табысы алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын және бір жарым миллион еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік субъектілері үшін – есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын, есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдағы жылдық жиынтық табысы бір жарым миллион еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын кәсіпкерлік субъектілері үшін – есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына төрт мың төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Сонымен бірге, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына (бұдан әрі – ҚР ҰКП) ҚР ҰКП міндетті мүшелік жарналардың мөлшерін анықтауға деген ұстынамдарды қайта қарау туралы жолданымдар келіп түсуде.
Мысалы, былай деп ұсынылады:
Жарналардың мөлшерін жылдық жиынтық табыс көрсеткішінен емес, есептік кезеңдегі кәсіпорын жұмысшыларының орташа саны көрсеткішіне қарай есептеу;
ҚР ҰКП аккредиттелген қауымдастықтарға (одақтарға) кіретін кәсіпкерлік субъектілері жарнасының мөлшерлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі орнатқан жарналар мөлшерінен 50% мөлшерде орнату;
топтар ішіндегі (шағын, орта, ірі) кәсіпкерлік субъектілерінің градациясын орнату және басқа да ұсыныстар.
Баяндалғанға қарай отырып, палата мүшелерінің ойын барынша ескеру және келісілген ұстанымды жасап шығу мақсатында, бұл мәселе бойынша өз ұсыныстарыңызды білдірулеріңізді сұраймыз.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: