«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Орал кәсіпкерлеріне студенттік жатақханаларды салуға кететін шығындарды өтеу шарттары түсіндірілді

2019 жылғы 11 Қазан
- Батыс Қазақстан облысы
7760 просмотров

Ел ауқымында ЖОО және арнайы орта білім беру орындарының жатақхана қоры ескіріп, заманауи талаптарға сай келмейтіні жасырын емес. Сондықтан білім ордалары үшін жаңа ғимараттарды салу өзекті мәселе. «Қаржы орталығы» АҚ өкілдері Орал қаласына келіп, студенттік жатақханаларды салу кезінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Бұл механизмінің мәні мемлекет және жеке сектордың студенттік жатақханаларды салу және қолданыстағыларға реконструкция жасауда әріптестікті көздейді. Бұл дәстүрлі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік емес, оның ерекшелігі инвестциялық шығындар өтелмейді. Оның орнына мемлекеттік мақсатты тапсырыс жасалады. Оның мөлшері құрылыс кезінде 122 АЕК-ті құрайды. Нәтижесінде 1 студентке жылына шамамен 320 мың теңге болады. Ал реконструкция кезінде мемлекеттік тапсырыс мөлшері 47 АЕК немесе 1 студентке 120 мың теңгені құрайды.

 «Бізге мемлекеттік тапсырыс үшін төлем жүргізгенде ең бастысы студенттің жатақханада тұру фактісі маңызды. Мында жан басына қаржыландыру қағидасы механизмі көзделген. Егер студент жатақханада тұрмаса, сәйкесінше төлем жасалмайды. Болжамды есептеулерге сәйкес шартты түрде жатақхана 500 төсек-орынға шақталса, оның құрылысына 800 млн теңгеден астам қаражат қажет. 8 жыл өткен соң мемлекеттік тапсырыс инвестордың шығынын толық өтейді», – деді «Қаржы орталығы» АҚ студенттік жатақханалар операторлығы жөніндегі департаменттің директоры Біржан Әлімжанов.  

 Орал бойынша бүгінде 1800 студентітк төсек-орынға қажеттілік бар. Атап айтқанда, М.Өтемісов атындағы БҚМУ және мемлекеттік колледждер. М.Өтемісов атындағы БҚМУ өздігінше «500 орынға 1 объект құрылысы» жобасын жүзеге асыруда. Бұл механизмге жеке кәсіпкер («Айшанұр» ЖК) жұмылды, ол 2020 жылға қарай 100 орынға арналған объектіні салуды жоспарлауда. Алайда, тапшылық мұнымен жабылмайды. Сондықтан «Қаржы орталығы» АҚ қызметкерлері келуінің негізгі миссиясы мен міндеті осы механизмдерді түсіндіру болып отыр.

 «Біздің оператор ретінде функциямыз – мемлекеттік тапсырысты орналастыру. Ол үшін құрылыстан кейін біз тұрғындардың конитингентіне және барлық міндеттерді орындау барысына мониторинг жүргіземіз», – деді Біржан Әлімжанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер