Бизнес-қоғамдастық Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жобасымен таныса алады
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жетілдірілген жобасы келіп түсті
ҚР Президентінің жолдауларында және Қазақстан Республикасын дамытудың 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарында айтылған мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында, Үкімет Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жасалды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – сыртқы және ішкі нарықтарда Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті өңдеу өнеркәсібін құру. Бағдарламаны қаржыландыру көлемі 2,1 трлн теңге деңгейінде жоспарланған.
Негізгі міндеттер:
- индустриялық кәсіпкерліктің әлеуетін арттыру арқылы индустрияландыруды тереңдету;
- сыртқы және ішкі нарықтарда сұранысқа ие өңделген тауарлардың өндіріс көлемін арттыру және номенклатурасын кеңейту;
- базалық өндірістерді дамыту және стратегиялық жобаларды жүзеге асыру арқылы өнеркәсіптік қуаттылықты арттыру;
- өңдеу өнеркәсібі салаларын технологиялық дамыту және цифрландыру.
ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жетілдірілген жобасы ұлттық заңнамаға сәйкес, бағдарламада отандық бизнес мүддесінің барынша көрініс табуы мақсатында «Атамекен» ҰКП сараптамасына беріледі. Бағдарлама жобасын қарау жөнінде Ұлттық палата алаңында атқарылған жұмысты ескере отырып, аталған жоба жетілдірілген нұсқа болып табылады.
Бизнес өкілдері жобамен жан-жақты танысуы үшін Іс-шаралар жоспары жобасы Ұлттық палата сайтында жарияланған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: