«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ресей Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті: Біз үшін өңірлермен тікелей байланыс орнату маңызды

2019 жылғы 09 Қазан
- Павлодар облысы
6249 просмотров

Мәскеуде жұмыс сапарымен жүрген Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Ресей Федерациясы Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Дмитрий Курочкинмен кездесті.
Кездесу Ресей Сауда-өнеркәсіп палатасының конгресс-орталығында өтті. Дәл осы жерде «Павлодардың Мәскеудегі инвестициялық күндері» атты бизнес-форум да ұйымдастырылды. 
Павлодар облысының әкімі Ресей біздің өңірдің ең негізгі экономикалық серіктесі екенін атап өтті. Сондай-ақ екіжақты әріптестік дамытуға дайын екенін жеткізді.  

«Ресей Сауда-өнеркәсіп палатасының алаңында екіжақты жаңа инвестициялық мүмкіндіктер тауып, жаңа байланыстар орнатуға бейілдіміз. Біз Ресей бизнесмендеріне Павлодар облысында қандай салаларда бизнес жүргізуге болатынын көрсетсек дейміз. Сондай-ақ оларға қандай бағыттарда қолдау көрсете алатынымызды жеткізгіміз келеді», – деді Болат Бақауов. 

Өз сөзінде Дмитрий Курочкин Ресей Федерациясы Сауда-өнеркәсіп палатасына және оның филиалдарына кәсіпкерлер жүзеге асырға тұрарлық түрлі жобалар іздеп келетінін айтты. Бұл ретте, әлеуетті инвесторлар Қазақстан өңірлерінің мүмкіндіктері туралы ақпарттардан әрдайым хабардар бола бермейді. 

«Қазақстанда біздің өкілдігіміз жоқ. Десе де, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жекелеген қазақстандық кәсіпорындармен өте жоғары деңгейде байланыс орнатылған. Біз үшін Қазақстан өңірлерімен тікелей байланыс орнатқан тиімді. Біздің инвесторлармен жұмыс істеу бағытындағы тәжірибеміз мол. Дайын инфрақұрылым да бар. Барлық деңгейде жұмыс істеу жүйесі жолға қойылған. Біздің қаржылық компаниялармен ғана емес, сонымен қатар тау-кен металлургия саласындағы көптеген кәсіпорындармен де, сондай-ақ салалық қауымдастықтармен де байланысымыз бар», – деді Дмитрий Курочкин.

Сонымен қатар, Болат Бақауов пен Дмитрий Курочкин осы жылдың қараша айында Омбы қаласында екі ел басшыларының қатысуымен өтетін Қазақстан-Ресей шекаралық ынтымақтастық форумы алдында екіжақты маңызды мәселелерді талқылады.  


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер