«Атамекен» ҚР ҰКП алаңдарында «ашық аспан» режимін енгізу бастамасы белсенді талқылануда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту жөніндегі жиын барысында халықаралық рейстер санын ұлғайтуға шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі
«Қазіргі таңда Нұр-Сұлтаннан небәрі 30 халықараық бағытқа рейстер орындалады. Бұл жеткіліксіз! Елорда өзін халықаралық орталық ретінде таныстыруда. Соған сәйкес болу үшін елорданы әлемнің жетекші қалалары және халықаралық қаржы орталықтармен тікелей рейстер арқылы байланыстыру қажет», – деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.
«Аспанды ашу керек, бұл менің Үкіметке берген тапсырмам. Қорқудың қажеті жоқ. Ең беделді, ең «әспетті» болса да бір ғана компанияны ғана қолпаштау жарамас. Аспанды ашу керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осыған дейін Президент Қазақстанда сұраныста ие маршруттарға билеттердің қымбатшылығына наразылық білдірді.
Туристік объектілердің көліктік қолжетімділігін арттыру және елге көшпелі туристер санын ұлғайту мақсатында 2017 жылдан бері «ашық аспан» режимін енгізу бастамасы «Атамекен» ҚР ҰКП-ның түрлі алаңдарында белсенді талқыланып келеді.
Белгілі болғандай, бүгінде Қазақстан екіжақты келісімшарттарды қолдану арқылы халықаралық нарықта Чикаго конвенциясы бойынша ғана жұмыс істейді. Осындай келісімдерді жүзеге асыру практикасы халықаралық маршруттардың бір-екі компания айналысында монополизациясына, тарифтердің жоғары деңгейі, маршруттар икемділігінің шектелуі, бәсекелестіктің жоқ болуы салдарынан авиакомпаниялардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне әкелді.
Нәтижесінде Қазақстан «Туризм және саяхат бәсекеге қабілеттілігі» (Шығыс экономикалық форум) әлемнің рейтингінде «Халықаралық ашықтық» көрсеткіші бойынша 140 елдің ішінде 113-орынды алып отыр.
2019 жылдың 26 шілдесінде «ашық аспан» режимін енгізу мүмкіндігін талқылау мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Логистика және тасымалдау комитеті азаматтық авиация жөніндегі қосалқы комитеті және Туристік сала комитетінің бірлескен отырысы өтті, нәтижесінде мемлекеттік органдарға сәйкес ұсынымдар жіберілді.
Сонымен қатар аталған шара туристік дестинациялар және объектілердің көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2019-2025 жылдарға аранлған ҚР Туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасына енгізілді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: