«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

82-жасар меценатқа қатысты қылмыстық іс негізсіз қозғалған

2019 жылғы 07 Қазан
- Қостанай облысы
8851 просмотров

«Макс» ЖШС директоры Максим Артемук мемлекеттік органдардың заңдарды түрлі түсіндіруі салдарынан тергеуге алынды.

Кәсіпкер мемлекеттік кірістердің аудандық басқармасы түсіндіруі бойынша әрекет еткен, ал облыстық басқарма есептеулер дұрыс емес деп танып, оған 212  млн теңге көлемінде қосымша салық салған. Нәтижесінде Максим Артемук атына ҚР Қылмыстық кодексінің 245-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Максим Артемук – облыста танымал меценат. Оның кәсіпорны құрылған жылдан бері қайырымдылықпен айналысады. ЖШС мектептер, ауруханаларға көмектесіп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға үй салуға атсалысқан. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Максим Федорович «Жыл меценаты» атанып, «Жомарт жүрек» сыйлығын иеленді.

Алайда, биыл кәсіпкердің өзіне көмек қажет болды. Астықты жинау науқанына дайындалудың орнына кәсіпкерге Экономикалық тергеу департаментінің тергеушілері алдында өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуге тура келді. Барлық әрекеттер нәтижесіз болғандықтан, Максим Артемук Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрады.

 «Тәжірибе көрсетіп отырғандай, Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде бизнес субъектілеріне қатысты тіркелген қылмыстық істердің төрттен бір бөлігі қылмыстық құрамның болмауы себепті жабылады. Аталған іс те сол категориядан деп ойладық. ҚР Қылмыстық кодексінің 245-бабы аталған қылмыстық үш әдісін қарастырады, атап айтқанда: декларацияны бермеу жолымен;  декларацияға өзгертілген деректер енгізу арқылы; салық салынатын басқа да объектілерді жасыру арқылы. Мына ситуацияда жоғарыда аталған әрекеттің ешқайсысын кәсіпкер жасамаған. Бұл факт салықтық тексеру актісімен де расталып отыр», – деді Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысында ӨКП директорының орынбасары Самат Сәдуақасов.

 Облыстың кәсіпкерлер палатасы Артемук жергілікті салық органы түсіндіруі шеңберінде әрекет еткенін, ал жоғары тұрған салық департаменті бұл түсіндіруді қате деп тануын алға тартып, Департаментке өтініш хатпен жүгінді. Алайда келтірілген аргументтер назарға алынбады. Содан кейін ӨКП заңгерлері облыс прокуратурасына өтініш жазды, прокуратура бизнесменнің әрекетін дұрыс деп танып, қылмыстық істі дереу тоқтату туралы тапсырма берді.

 Мұндай фактілер көп. 2018 жылдың өзінде Қостанай облысы Экономикалық тергеу департаментінде тіркелген салық төлеуден бас тарту фактісі бойынша 18 істің ішінен оңалту негіздемелер бойынша 10 іс тоқтатылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер