«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ЕАЭО цифрлық күн тәртібі қалай жүзеге асып жатыр?

2019 жылғы 03 Қазан
8547 просмотров

Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібі бірнеше жыл бойы жұмысын жүргізіп келеді. Цифрлық күн тәртібінің маңызы қандай және Одақта қандай цифрлық жобаларды қолға алу ұсынылып жатқанын «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Евгений Больгерт айтты

Ұлттық палата бірнеше рет мемлекеттік органдар мен Еуразиялық экономикалық комиссияның назарын Одақтың цифрлық күн тәртібін қалыптастырудың жоғары жылдамдығына аударған болатын. ЕАЭО мемлекеттерінің басшыларымен цифрлық күн тәртібі бойынша қабылданған негізгі құжаты (Еуразиялық экономикалық одақтың күн тәртібін жүзеге асырудың негізгі бағыттары), қалыптастыру мерзімдері және жүзеге асыру 2025 жылға дейін белгіленген. Осы құжатпен цифрлық күн тәртібі шеңберінде бастамаларды әзірлеу басымдықтары анықталған – бұл Одақтың цифрлық саудасы, цифрлық көлік дәліздері,  цифрлық өнеркәсіп кооперациясы, өнім, тауар, қызметтер және Одақтағы цифрлық активтердің қозғалысын цифрлық бақылау, деректер айналымы және регулятивті «құмсалғыштар» жүйесі.

 Жекелеген жобалар бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстың 500-600 бетті құрайтын есептері растағандай, оларды жүзеге асыру қаржылық және мерзмдік ауқымды ресурстарды қажет етеді. Бірақ бизнеске маңыздысы ол емес. Негізгісі цифрлық жобаларды жүзеге асыруда қосымша ауыртпалық және қаржылық шығандарды жою болып табылады. Бірақ әр жобаға жекелей тереңдеуге тырысқанымызда нені байқаймыз?

Одақта цифрлық бақылануды ұйымдастыру үшін тауарларға бақылау таңбалау шеңберінде және тауарлардың бақылануының жекелеген жүйесі шеңберінде (ЕАЭО-да тауарларды бақылануы туралы келісіміне 2019 жылыдң мамары айында қол қойылды), сонымен қатар Бірыңғай транзитті жүйе туралы келісім жобасының нормаларында басталады. Осы ретте таураларды таңбалау жүйесінде бөлек сигмент – тауарлардың ұлттық катологы жүзеге асуы тиіс және бұл төрт түрлі жүйе, егер кәсіпкердің тауарына барлық жүйелерде бақылану туралы талап қойылса онда, кәсіпкер осы жүйелерде жұмыс істеуі керек.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жобаларды жүзеге асыруда қайталамаларды алып тастау мәселесін көтерген болатын, алайда қабылданған құжаттардың ішінде біздің ескертпелер көрініс таптады. Цифрлық жобалардың үздіксіз және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін негізгі процестерге ерекше назар аудару керек. Мұнда ситуация сенімді емес, және жалпы Одақтың заманауи цифрлық күн тәртібінің жүзеге асырылуын күмәнға қояды.

 ЕАЭО туралы келісімшарты бойынша Одақтың қызмет етуіне қатысты барлық салаларда интеграциялық процестерді қамтамсыз ету үшін ақпараттық өзара әрекеттесу нормалары бекітілген. Басқаша айтқанда, ЕАЭО мүше-мемлекеттері бастапқыда процестерді автоматтандыру және өкілетті мемлекеттік органдар арасында электронды өзара әрекеттесуге өтуде ортақ тәсілдерді қабылдады.

 Қарапайым әрі түсінікті сөздермен айтсақ, Комиссия және Одақтың мүше-мемлекеттері кеден, техникалық реттеу, фармацевтикалық сала, ветеринария, көлік және басқа да салалар бойынша өзара әрекететсудің негізгі паратаметрлерді электронды форматқа көшіру туралы келіскен. 2015 жылы Комиссия жүзеге асыру мерзімдері 2015-2016 жылдарға дейін ортақ процестердің 79 тізбесін бекітті. Ал іс жүзінде бүгінде небәрі 10 процесс қана іске асырылыған.  

 Негізгі «step by step» тәсіл болуы керек, және Одақтың цифрлық жобаларының сәтті бастауын өаматамсыз ететін  алғашқы қадам ортақ процестерді жүзеге асыру болмақ.

 Бұл процестерді жүзеге асыру Одақ шеңберіндегі цифрлық өзара әрекеттестіктің негізі болып табылатынын атап өткен жөн, және Комисся бес жыл бойы ортақ 69 процестің іске асуы қаматамасыз ете алмай келеді, бірақ міндет қойылған, мерзімдері белгіленген, ал шешімі жоқ. Ал осы мәселенің орындалуы Одақ шеңберінде ішкі және сыртқы сауда процедураларын жеңілдететіні сөзсіз.

 Бизнес өкілдерінің пікірінше, цифрлық күн тәртіпті жүзеге асыруда негізгі «step by step» тәсілі және Одақтың цифрлық жобаларын ары қарайғы сәтті бастауын қаматамасыз ететін алғашқы қадам – орта процестерді жүзеге асыру болуы керек. Ойлап көріңізші, мәселен, электронды форматта берілген ветеринарлық жөнелтуші құжаттармен (сертификаттармен) алмасуды қамтамасыз ететін 41 ортақ процесс жүзеге асырылса бизнеске қандай жеңілдік беретін еді. Өкілетті органдар тауар бойынша сәйкес ақпаратты алмауы себепті азық-түлік өнімдерін шекарада ұстап тұру проблема автоматты түрде шешіледі. Ақпарат жүк шекараға жеткенше жүйеде тіркеліп тұрады. Міне, сауда процедураларын оңтайландыру деген осы емес пе? Бизнес өкілдері бұл процестерді сонау 2016 жылы көру керек болған, бірақ ол әлі жүзеге асқан жоқ. «Неге?» сұрағын ортақ процесстерді іске асыруға жауапты тұлғаларға бағыттау керек.

  Бизнес өкілдері ветеринарлық сертификаттары 2016 жылы көру керек болатын, бірақ ол әлі жүзеге асқан жоқ. «Неге?» сұрағын ортақ процесстерді іске асыруға жауапты тұлғаларға бағыттау керек.

Факті бойынша не болып жатыр? Базалық процестердің жүзеге асырылуын қамтамасы етпей, жаңа цифрлық жобалар белсенді іске асуда, оларды кейбірі бірін бірі қайталайды. ЕЭК-тың бернеше алаңында бір мезгілде түрлі 9 цифрлық жоба мен құжаттарды (ЕАЭО контрагенті, тұлғаны сәйкестендіру, цифрлық көлік дәліздері, сандық сауда экожүйесі және т.б.) талқылау жүргізілуде. Егер, түпкі орындаушы және барлық жүйелерді тұтынушы ретінде – бизнеске әсер ететін барлық процестердің өзара әрекеттесуіне кешенді бағалау жүргізілсе, онда ЕАЭО-да кәсіпкерлік пен өзара саудаға цифрлық күн тәртібінің әсерінің нақты көрінісін байқауға болады.

Өкінішке қарай, бизнес мүддесіне қатысты кез келген шешімді қабылдаудың талдамалық құрауышы көп жағдайда еленбейді, сәйкесінше, жобаларды іске асыруда бизнес бірқатар қиындықтарға тап болады. Бұл жабдықты сатып алу қажеттілігі, жұмыс істеп жатқан жүйелерді жетілдіру немесе жаңа жүйелерді белгілеу, сондай-ақ жүйелерде ауытқу болғанда сауда процедураларының қиындауы (қазақстандық кәсіпкерлер тондарды таңбалау бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруда осы процедуралардың бәрінен өтті).

Біз әлі ақпараттық өзара әрекеттесудің іргетасы – электронды-цифрлық қолтаңбаны тану  және электронды құжаттардың заңды күші туралы ғана айтып отырмыз. Байқасаңыздар, «цифрлық күн тәртібі» деген тіркестің ар жағында мәселелердің кең ауқымы жатыр.  Бизнес өкілдерінің ұсыныстары мен ескертпелері назарға алынып, ал цифрлық күн тәртібі бойынша шешім қабылдау жылдамдығы бәсеңдейді, ал цифрлық жобаларды әзірлеу сапасы арта түседі деп үміттенеміз.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер