Кәсіпкер елорда оқушыларына арнап ашық сабақ өткізді
«Атамекен» ҰКП бастамасымен 2019-2020 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептерде 10-сыныптарға арнап «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні енгізілді
Жаңа пәнді мектептерге енгізу мақсатында «Атамекен» ҰКП «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша мүғалімдердің біліктіліктігін арттыру курстарын жүргізу үшін білікті бизнес-тренерлерді алдын ала дайындады.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін зерттеу мақсатында бизнес өкілдері кәсіпкерлік негіздері, бизнес, экономика, менеджмент және маркетинг бойынша базалық білім алу, жеке таңдауға жауапты болу және отандық және шетелдік кәсіпкерлердің нақты кейстерін қолдану арқылы кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыру, оқу процесін геймификациялауды белгіледі.
Бүгінде аталған бағыт шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласындағы №47 мектеп-гимназиясына «Атамекен» ҰКП басшылығы, сондай-ақ табысты кәсіпкер, «Rocket Study» ағылшын тілі мектебінің негізін қалаушы Арслан Дәрімов барды.
Мектеп оқушылары келген қонақтардың дәрістерін қызығушылықпен тыңдады, өздері қызықты процеске белсенді қатысып, кәсіпкерлік тақырыбы бойынша сұрақтар қойды.
«Менің сабағым ең аз шығыннан бастауға, өз жобаңмен бастауға, өз идеяларыңды сынап көруге, гипотезаны тестілеуге, ары қарай оны өмірде жүзеге асыруға болатын месседжді қамтиды. Бұл жайттар балаларға маңызды екенін олардың сұрақтарына жауап беріп жатып түсіндім. Олардың пайымдауынша, бизнесті есейгенде ғана бастауға болады екен мен болсам оларға жобаны жүзеге асырудың алаңы – мектептер, универистеттер деп жауап бердім. Кәсіпкерлік негіздері – өте өзекті пән, өйткені бизнес әлемі қалай жұмыс істейтінін білмей, тіпті кәсіпкер жолын таңдамасаң да, өмір сүру қиын болады. Негізінде, бұл толыққанды бизнес-жоба туралы емес, бұл кәсіпкерлік ойлау, өмір сүру стилі туралы, сондықтан аталған пән өте маңызды», – деді Арслан Дәрімов.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» сабағына табысты кәсіпкерлерді шақыру практикасы Қазақстанның барлық мектептеріне таралады.
«Тұтастай алғанда, atameken.co онлайн-платформасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін сапалы оқыту үшін қамтамасыз етілген. Atameken Akademy онлайн-платформада оқушылар қосымша жаттығуларды, байқаулар туралы ақпаратты ала алады, кәсіпкерлік бойынша дайын онлайн-оқуға қатыса алады. Мектеп мұғалімдеріне арнап Телеграм-канал құрылған, онда маңызды әрі қызықты ақпарат жарияланып тұрады. Сондай-ақ, қонақ дәрістері шеңберінде табысты кәсіпкерлер, өңірлік сарапшылар мектептерге баруы жоспарланған», – деді «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Ләззат Шонаева.
Айта кетелік, аталған бағытта бүкіл Қазақстан бойынша «Атамекен» ҰКП ұйымдастырған біліктілік курстарына 1800 мұғалім қатысты. Ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап 43 орта мектепте «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні оқытылуда, аталған мектептерде 2827 оқушы 10-сыныптарда оқиды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: