«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» сатып алулар туралы заң жобасымен танысуда

2019 жылғы 02 Қазан
4464 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы (ары қарай – Заң жобасы) келіп түсті.

Заң жобасында:

  1. Өтінімді заңсыз қабылдағаны және сот сатып алулардың жосықсыз қатысушысы деп таныған жеткізушілерде уақытында жосықсыз қатысушылар тізіліміне қоспағаны үшін өкілетті тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік тағайындау;
  2.  Мемлекеттік сатып алулар процедураларын оңайлату мақсатында қарапайым, стандартты тауар, жұмыс, қызметтерді сатып алуда «Нобайлы келісімдерді қолданумен байқау» атты сатып алулардың жаңа әдісін енгізу;
  3. Электронды коммерция дамуына орай электронды дүкенді енгізу;
  4. Растығын дәлелдеу тексеруінен өткен құжаттардың электронды депозиториін құру;
  5. Жетекшілері (құрылтайшылары) сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапқа тартылған компаниялардың мемлекеттік сатып алуларға қатысуына байланысты шектеулер белгілеу, сондай-ақ шағын және орта бизнеске арналған мемлекеттік сатып алуларда әлеуетті жеткізушілердің жыл сайынғы көлемдерін (лимиттерін)  белгілеу;
  6. Келісімшарттарды тікелей жасау арқылы мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшарттарды жасауға құқылы тапсырыс берушілер және жеткізушілер тізіліміні құру;
  7. Демпингті бағаларды ұсыну (бағаларды негізсіз төмендету) салдарын жою мақсатында мемлекеттік сатып алуларда демпинг шегін белгілеу;
  8. Келіп түскен өтінімдердің болмауы немесе бір ғана өтінім болған жағдайда болмай қалған мемлекеттік сатып алулар бойынша бір көзден сатып алуларды жүзеге асыру мүмкіндігін беру арқылы мемлекеттік сатып алулар процесінің мерзімдерін төмендету;
  9. Баға ұсыныстарын сұрату арқылы сатып алудың шекті мәндерін 4 мыңнан 8 мың еселік АЕК-ке дейін арттыру;
  10. Заңның 39-бабы 42-тармағының шеңберінде сатып алынатын шағын мәндң тауарларды бір көзден сатып алуларын алып тастау арқылы келісімшарттарды тікелей жасау арқылы бір көзден жасалатын сатып алуларды қысқарту;
  11. Шағым түсіру үшін төлемді алу арқылы ақылы шағымдарды тағайындау қарастырылған.

Түзетулердің салыстырмалы кестесімен танысуды ұсынамыз, егер сізде ұсыныстар және (немесе) ескертпелер болса, ақпаратты мына электронды поштаға жіберуді сұраймыз: ruslan.shokayev@atameken.kz; телефон: 8 (71712) 270-453.

Заң жобасының мәтіні мына  сілтемеде.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер