СҚО Іскер әйелдер кеңесінің өкілдері жастармен кездесті
СҚО Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің 6 мүшесі бизнес және облыс орталығының студенттері арасында ашық диалог алаңын ұйымдастырды
Олардың мақсаты – шығармашылық саласындағы жастарды шабыттандыру, біріктіру, қолдау, шығармашылық мамандық иелеріне бизнесті жүргізуде маңызды дағдылармен таныстыру, сондай-ақ шығармашылықты коммерциялаудың табысты кейстерін көрсету.
Бизнес ханымдардың жастармен кездесуі «Шығармашылық мамандықтарындағы бизнес» тақырыбында өтті. СҚО-да Іске әйелдер кеңесі өкілдерінің біразы шығармашылықпен айналысады – бір келіншек тігінші, тағы біреу мерекеледерді ұйымдастырады, кейбір қыз-келіншек – дәмді тағамдар пісіреді. Бүгін осы әйелдер өз тәжірибелерімен бөлісуге келді.
«Іскер әйелдер кеңесі мүшелерімен кездесу жастарға бағытталған. Кәсіпорнымыздың биылғы жұмысын жастар жылына бағдарладық. Жастарды кәсіпкерлікке жұмылдырғымыз келеді, оларды жобаларын, иедяларын жүзеге асыруға талпындырмақпыз. Баршаға белгілі, жастардық басым бөлігі бизнес жүргізу құралдарын біле бермейді. Сондықтан біздің міндет – оларға түсіндіру, көрсету, тәжірибемен бөлісу, менторлық қызметімізді ұсыну», – деді ӨКП Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Ғалия Баязитова.
Юлиана Джемалединова жетекшілігіндегі мереке ұйымдастыратын фирма қызмет көрсету нарығында 10 бері жұмыс істейді. Біз енді кәсіпті бастағанымызда мұндай көмекті бізге ешкім берген жоқ, дейді бизнес ханым. Ал бүгінде Іскер әйледер кеңесінің мүшесі өз жетістігімен бөлісуде – өйткені шығармашыл тұлғалармен жұмыс істеуде жалпылама тәсіл бәріне бірдей келе бермейді.
«Жастарға қандай бағытта әрекет етуді үйреткіміз келеді. Бүгінде мемлекет жастарға қолдау көрсетіп келеді. Ал біз – жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер оларға кейбір құпиялар, кеңестерді айтып, тәжірибемізбен бөлісеміз», – дейді Юлиана Джемалединова.
Кездесуде СҚО Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Айтықан Қалғаева ақыл-кеңесіна айтты. Сонымен қатар халықаралық ментор-тренер Анар Құсанова көпшілік алдында сөйлеу арқылы табыс табу туралы ақпарат берді. Динара Өмірзақова жеке табыс тағылымымен бөлісті. Тәжірибелі психолог Ғалия Баязитова тайм-менеджмент туралы дәріс оқыды. Университет және колледждер студенттері кездесу соңында менторлардың семинарларына жазылды.
«Мен балалар оңалту орталығын ашуды қалаймын. Сол үшін осындай кездесулерге келемін, білімді толықтырудамын. Бүгін түрлі саладағы кәсіби мамандар кеңестерін берді. Олардың табыс тағылымы бізге жаңа бастамаларда бағыт-бағдар беруге көмектеседі», – деді М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті Мадина Жұмабек
Пікір қалдыру:
Пікірлер: