«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Туризм саласының мамандары кәсіби мерекелерін атап өтті

2019 жылғы 30 Қыркүйек
2333 просмотров

Биыл Дүниежүзілік туризм күні шеңберінде Қазақстан туристік қауымдастығының 20-жылдығы атап өтілді. Қауымдастық туризм саласында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген

Салтанатты іс-шараға ҰКП Туризм департаментінің директоры Д. Құнанова, департамент директорының орынбасары Н.Сарбаева, сала сарапшысы А.Шаймұханова қатысып, Қауымдастық өкілдеріне Палата басшылығы атынан құттықтау грамотасын табыстады.

 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы атынан тұңғыш Қазақстан туристік қауымдастығын мерейтоймен құттықтаймыз! Қауымдастықтың белсенді ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреміз және Қазақстан туристік қауымдастығы кәсіпкерлікті дамыту және қорғауда сенімді іскерлік серіктес екеніне қуаныштымыз!

 Осы жылдар ішінде Қазақстан туристік қауымдастығы тәуелсіз Қазақстанның туристік нарығын және отандық туризмді шоғырландырды. Туристік нарық субъектілерін біріктіре алған Қазақстан туристік қауымдасты  туристік бизнестің локомотивіне айналған.

 Командаларыңыздың кәсібилігіне көзіміз жетті және Қазақстан туристік қауымдасты өз мерейтойына зор жетістікпен келіп, келешеккке сеніммен қарайтынын байқадаумыз.

 Сіздерге ары қарайғы көркею, қаржылық табыстылық тілейміз, жаңа идеялар көп болып, жобалар тиімді жүзеге ассын!», – делінген құттықтау мәтінінде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер