«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасында медиация кабинеті ашылды

2019 жылғы 27 Қыркүйек
- Ақтөбе облысы
8100 просмотров

Енді кәсіпкерлер өңірдегі кәсіпкерлер Палатасына келіп, кәсіби медиатор, заңгерлер мен судьялардан даулы мәселелер бойынша тегін кеңес ала алады. Өңірлік палатаның бастамасымен «Қазақстанның тәуелсіз заңгерлерінің альянсы» заң консультанттары палатасының қолдауымен Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Атамекен» ғимаратында медиация кабинеті ашылды.

Медиация кабинеті әрбір кәсіпкер мен заңды тұлғаның өкіліне медиацияны қолдану бойынша түсініктеме алуға мүмкіндік береді, бұл бизнес саласындағы дауларды сотқа дейін реттеуді дамытуға ықпал етеді. Өздеріңіз білетіндей, бизнес-ортадағы даулар мен жанжалдарды тек бір тарап мемлекеттік орган болып табылатындардан басқа, медиация арқылы тек сотта ғана емес, өңірлік кәсіпкерлер палатасының көмегімен де шешуге болады.

«Соңғы жылдары бизнес субъектілері арасында азаматтық-құқықтық даулар санының көбеюі байқалды. «Атамекен» қызметінің негізгі бағыттарының бірі-кәсіпкердің құқықтары мен мүдделерін қорғау. Бізге осындай шағымдар түскен кезде, біз мәселені сотқа жеткізбей реттеу үшін медиаторлар сияқты жұмыс жасаймыз. Кәсіпкерлер дауды жариялағысы келмейтін жағдайлар да жиі туындайды. Бұл бизнестегі беделдің маңызды болуына байланысыты. Сот талқылауы фактісінің өзі бизнеске теріс салдарын тигізуі мүмкін. Ал медиация құпиялылықты сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл уақыт пен шығынды үнемдеу. Егер мәселені бейбіт жолмен шешу мүмкін болмаса, тараптар ешнәрсе жоғалтпайды және кез келген уақытта сотқа жүгіне алады», – деді Ақтөбе облысының кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Руслан Куйшінов. 

Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының кәсіпкерлер Палатасына 80-нен астам өтініштер түсті. Негізінен олар жер қатынастары, сәулет және құрылыс, салық даулары, мемлекеттік сатып алулар, құқыққорғау органдарына шағымдар және екі бизнес субъекттерінің арасындағы дауларға байланысты.

Палатаның заңгерлері 22%-дан аса өтініштерді кәсіпкерлердің қатысуымен қарады, яғни тараптар ретінде 2 бизнес субъектісі, немесе бизнес және мемлекеттік органдар қатысты. Осылайша сұрақтар сот және құқыққорғау органдарының көмегінсіз шешілді. Нәтижесінде екі тарап та риза болды.

МАЭС төрағасы Айбек Дауренбеков атап өткендей медиация кабинетінің ашылуы Елбасының заң үстемдігі принципін қамтамасыз ету, бизнес климатын жақсарту, коммерциялық ақпараттың құпиялылығын сақтау, бизнес серіктестері арасындағы іскерлік қатынастарды нығайту бойынша қойған міндеттерін жүзеге асыруға ықпал етеді және шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы дауды шешудің соттан тыс тәсілі ретінде медиацияны дамытуға бағытталатын болады.

«2018 жылы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына бітімгершілік келісім арқылы 146 іс аяқталды, 182 іс медиаторлық әдіспен, 1 іс партисипативтік келісім арқалы аяқталды, бұл бизнес субъектілерінің дауды шешу үшін бітімгершілік процедуралар институтын қолдануға дайын екендігін көрсетеді. Ал олардың барлығы сотқа дейін шешілуі мүмкін еді. Мемлекеттік баж, әрине, қайтарылады, бірақ уақыт жоқ және серіктестік қарым-қатынас бұзылды», – деп атап өтті судья Мария Шарипова.

Медиатордың кабинеті ақпараттық стендпен және медиация туралы анықтамалық әдебиеттермен жабдықталған, сондай-ақ мұнда кәсіпкерлерге судьялармен медиаторлармен онлайн байланыс арқылы қашықтықтан кеңес беру мүмкіндігі ұйымдастырылған.

Кабинеттің ашылу салтанатына өңірдің кәсіпкерлер Палатасы директорының міндетін атқарушы Руслан Куйшинов, МАЭС төрағасы Айбек Дауренбеков, «Қазақстанның тәуелсіз заңгерлер альянсы» заң консультанттар Палатасының төрағасы Асқар Исханов, кәсіпкерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиналғандар Палата заңгерлерінің, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот судьяларының және «Атамекен» ӨКП алаңында бизнес субъектілерінің татуласуы бойынша заң консультанттары палатасының кәсіби медиаторларының бірлескен жұмысының жемісті болатынына сенім білдірді. 

Медиация кабинетін ашу аясында «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасы мен Ақтөбе облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты арасында, сондай-ақ кәсіпкерлер Палатасы мен «Қазақстанның тәуелсіз заңгерлер альянсы» заң консультанттары Палатасы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер