«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда «Almaty Business-2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы таныстырылды

2019 жылғы 26 Қыркүйек
- Алматы қаласы
9430 просмотров

Мегаполис бизнесмендерімен бірге бағдарлама жобасы талқыланды, сондай-ақ «қарапайым заттар экономикасы» салаларын жеңілдікпен несиелеу бағдарламасына енгізілген өзгерістер, несие алу механизмі мен шарттары туралы айтылды.

«Almaty Business-2025» бағдарламасының тұсаукесеріне Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өңірлік филиалының директоры Светлана Назарюк, сондай-ақ оңтүстік астананың бизнес-қоғамдастығы қатысты.

«Біз «Almaty Business-2025» бағдарламасын әзірледік. Бағдарламаның негізгі мақсаты – шағын орта бизнесті және зәкірлі жобаларды дамытуды қолдау. Бұл үшін не қажет? Біз қаладағы бизнеске не кедергі келтіретінін, қандай жүйелік проблемалар бар, қандай нақты проблемалар бар, жедел талдау негізінде біз жобаны әзірледік, сіздермен бірге оны талқылап, кейін бағдарламаны мәслихат деңгейінде бекітеміз. Жыл соңына дейін пилоттық режимде біздің барлық деңгейін сынақтан өткіземіз, 2020 жылдан бастап бағдарламаны толыққанды іске қосамыз», – деп атап өтті Сапарбек Тұяқбаев.

Алматы қаласы әкімі орынбасарының айтуынша, әкімшілік кедергілерді азайту, несиелендіру, инфрақұрылымды дамыту, оқыту және инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеу бойынша бес негізгі міндет анықталған.

«Егер жұмыс істеп тұрған жобаларды, әсіресе шағын бизнесті зерттейтін болсақ, олардың көбі өз құзырының, бизнес-жоспардың жетіспеушілігінен және т.б. салдарынан іске асыру кезеңінде құлдырайды, әсіресе стартаптар үшін оқыту өте маңызды, – деп атап өтті Сапарбек Тұяқбаев. – Көптеген адамдар қайда хабарласу керектігін, неден бастау керектігін, бастау керек па әлде жоқпа білмейді. Өкінішке орай, БАҚ пен әлеуметтік желілерде тек проблемалар ғана көрсетіледі, сондықтан көптеген адамдар бұл өте қиын және бизнеске бармайды».

Сондай-ақ, ол 13 мыңға жуық адам қатысқан біркүндік мотивациялық курстар үлкен сұранысқа ие екенін атап өтті. 

Алматы әкімдігі тарапынан «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы іске қосылды, онда қызметтер «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетіледі.

«Бір залда мемлекеттік органдар, даму институттары мен монополистер отыр. Қаласаныздар, кеңесшілер сіздердің мәселелеріңізді шешу үшін бірге жүреді. Бизнеске арналған 525 мемлекеттік қызметтің 30-ын осы бір көзден алуға болады», – деп атап өтті әкім орынбасары.

Ол сондай-ақ несие беру туралы егжей-тегжейлі айтып өтті.

«Көптеген банктер неге бәсекелестік жасайсыздар деп наразылық тудыруда. 2018 жылдың қорытындысы бойынша шағын, орта бизнесті несиелеу көлемі шамамен 900 млрд.теңгені құрайды. Егер біз 20-30 млрд. бөлсек, бұл теңізге тамшы құйғанмен бірдей, біз мұны не үшін істеу керекпіз?  Бірақ егер тереңірек мәселені қарайтын болсақ, 2019 жылдың 8 айы қорытындысы бойынша банктер ШОБ инвестициялық жобаларына 19 млрд. теңгеге ғана несие берген, қалғандарының барлығы – сауда, сатып алу-сату. Әлбетте, қаржыландырудың жетіспеушілігі бар», - деді Сапарбек Тұяқбаев.

Әкімдік тарапынан «Almaty Finance» қаржы компаниясы құрылды, ол жобаларды 300 млн.теңгеге дейін, сондай-ақ «Almaty» микроқаржы ұйымдары жобаларды 20 млн. теңгеге дейін несиелендіретін болады.

«Пилоттық режимде 1,5 млрд теңгені жыл соңына дейін капиталдандырдық, келесі жылға көп қаржы бөлуді жоспарлап отырмыз. Пайыздық мөлшерлеме негізінен, 7%, одан төмен 2% бизнесін дамытатын адамдар үшін несиелер болады», – деді ол.

Сапарбек Тұяқбаев инфрақұрылымдарды, қол жетімді үй-жайлардың жоқтығы стартап шағын бизнес үшін көптеген шешілмеген үлкен мәселелер болып табылатынын атап өтті.

«Өнеркәсіп саласында біз шағын өнеркәсіптік саласының жобасын іске қосамыз. Бұл дайын ғимараттар кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жалға беріледі, тіпті ипотекаға да болады. Төрт ауданда біз тұрып қалған ғимараттарды таптық, меншік иелерімен келістік, олар жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жеңілдетілген бағамен жалға беретін болады. «Алатау» индустриялық аймағында жыл соңына дейін екі ірі инвестор ғимараттар салып, қаңтар-ақпан айларында іске қосылатын болады. Бұл 100 шаршы метрден 1000 шаршы метрге дейінгі жаңа заманауи ғимараттар, оларды кейін сатып алу мақсатында  жалға алуға болады», – деп айтты әкім орынбасары.

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, қала тұрғындары үшін барлық қызметтер – дүкендер, шаштараздар болуы тиіс, алайда Алматының шеткі аумақтарында әлі жоқ.

«Біз жеке инвесторларды тарта отырып, үй-жайларды салатын немесе жалға алатын боламыз. Шағын бизнестер ашылсын. Біз оларға барлығын дайын түрде береміз», – деп айтты ол.

Сонымен қатар, қала орталығында IT-бизнес, дизайнерлер және т.б. үшін қол жетімді коворкинг-орталықтар ашылатын болады.

Сапарбек Тұяқбаев «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығына ірі жобалары бар бизнесмендерді шақырды.

«Толыққанды қолдау көрсетеміз. Егер серіктес қажет болса, барлық рұқсат беру құжаттарын Сіз аласыз, банктер мен қаржы институттарымен, соның ішінде халықаралық ұйымдармен келіссөздер жүргізетін боламыз. Жоба аяқталғанға дейін біз әр жобаны кешенді сүйемелдеміз», – деп мәлімдеді Сапарбек Тұяқбаев.

«Кәсіпкерлікті қолдау – бұл әлеуметтік бағдарлама емес. Біз жеңімпаздарға қолдау көрсетуіміз керек, бәрі бизнесмен бола бермейді, осы пікірмен келісуіміз керек. Кімде жүзеге асырылып жатса, біз оларға қолдау көрсетеміз және кедергі жасамаймыз», – деді әкім орынбасары.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына енгізілген өзгерістер туралы Нариман Әбілшайықов айтып берді.

«Бұл бағдарламаның артықшылығы онда шектеулер жоқ, шағын, орта және ірі бизнестер қатыса алады. Бізде 17 қаржыландыру алған  жобалар бар. Бүгінгі таңда 11 млрд теңге игерілді – оның қатарында несие алған кәсіпкерлер»,  - деді ол.

Ол бағдарлама сәуір айында басталғанын, ал бүгінде үш рет түзету пакеті енгізілгенін атап өтті.

«Біз жобалық кеңседе апта сайын жиналатын боламыз, кәсіпкерлердің ұсыныстарын тыңдаймыз және бұл өзгерістер біздің бастамашылығымыз бойынша бағдарламаға енгізіледі», - деп атап өтті Нариман Әбілшайықов.

Оның айтуынша, «қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламасы аясында 600 млрд.теңге былайша бөлінген: 100 млрд. теңге агроөнеркәсіп кешенінде (АӨК) қайта өңдеуге, 100 млрд. теңге – АӨК өндірісіне, 400 млрд. теңге – өңдеу өнеркәсібі мен қызметтерге бағытталды.

2019 жылдың сәуірінен бастап «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына бизнес үшін жағдайларды жеңілдету және оның тартымдылығын арттыру бойынша түзетулердің үш пакеті енгізілді: пайыздық мөлшерлеме 8% - дан 6% - ға дейін төмендеді; кепілдік базасының жетіспеушілігі бойынша проблемаларды шешу үшін кепілдік беру енгізілді; негізгі борыш пен сыйақы бойынша жеңілдікті кезең көзделген; айналым капиталын қаржыландыру мөлшері 30% - дан 50% - ға дейін ұлғайды.

«Мысалы, егер сіз 3 млн. теңге алатын болсаңыз, бұрын сіз айналым қаражатын 30%, толықтыру керек болғансыз, ал 70 % - ын инвесторларда пайдалануға міндеттісіз. Ол пайыздар қазіргі таңда 50 % дейін көтерілді, біз оны қазір 70-80%-ға дейін көтеруді ұсынудамыз. Бірақ Ұлттық банк өз кезегінде екі критерийді ұсынып отыр, олардың ең болмағанда біреуіне кәсіпкер төтеп беруі тиіс. Бұл салық есептілігі мәліметтерінің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау немесе арттыру немесе Қаржы агенттігінен субсидиялау немесе кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі қаржы жылынан кейін табыстың 10% - ға өсуіне қол жеткізу», – деп атап өтті палата директоры.

Ол сондай-ақ 2019 жылдың 16 қыркүйегінен бастап ҚР Үкіметінің № 660 қаулысы күшіне енді және қосымша 18 Экономикалық қызмет түрі (ЭҚЖЖ) тізімі кеңейтілді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау, білім беру, жатақханаларды қайта жаңарту, нысандарды жабдықтармен жабдықтау бойынша несие беру мақсаттары қосылғандығы туралы айтты.

«Көптеген кәсіпкерлерді қайта қаржыландыру мәселесі толғандырады. ҚР Үкіметі біздің жобалық кеңсеміздің ұстанымын қолдайды, Ұлттық Банк белгілі бір өлшемдерді қояды, егер біз оларды өтсек, онда Ұлттық Банк 50% - ға қайта қаржыландыру бойынша қолдау береді», – деп мәлімдеді ол.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында несие беру механизмі мен шарттары туралы Светлана Назарюк баяндады.

Оның айтуынша, бағдарлама аясында субсидиялау және кепілдендіру түріндегі мемлекеттік бағдарлама екінші деңгейлі банктер берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің несиелері бойынша жүзеге асырылуда.

«Субсидиялау жылдық 15% - дан аспайтын номиналды сыйақы ставкасы бар кредиттер бойынша беріледі, оның 6% - ын жеке кәсіпкерлік субъектісі төлейді, ал айырмашылықты мемлекет субсидиялайды. Несие шағын, орта және ірі бизнеске беріледі. Шектеусіз максималды сома. Инвестицияларға бағытталған несиелерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 7 жылдан артық емес, айналым қаражатын толықтыруға-субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 жылдан артық емес, сонымен қатар айналым қаражатының көлемі қарыз алушының бір жобасы аясында кредит сомасының 50% - нан аспауы тиіс», - деді ол.

Ол атап өткендей, кәсіпкердің бір жобасы аясындағы кепілдік мөлшері несие сомасының 50% - нан 3 млрд.теңгеге дейін қоса алғанда аспауы тиіс. Егер несие сомасы 3 млрд.теңгеден 5 млрд. теңгеге дейін болса, онда несие сомасының 20% - ы. Кепілдік мерзімі-кредит мерзімінен аспайды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер