«Атамекен» алаңында әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелері талқыланды
Қазіргі таңда әлеуметтік кәсіпті ашу және әлеуметтік кәсіпорындарды құру, бизнес және коммерциялық емес ұйымдардың өзара әрекеттесуінің түрлі модельдерін қолдануда үлкен әлеует бары байқалады
Осы ретте әлеуметтік кәсіпорындар түрлі заңгерлік мәртебеге ие бола алады және экономиканың түрлі салалары мен қоғамдық өмірде қызмет етеді: мектепке дейінгі білімі беру, әлеуметтік қызмет көрсету, мәдениет, спорт және демалысты ұйымдастыру, қаржыландыру, қоғамдық инфрақұрылым, экология және басқа да бағыттар.
Бұл туралы қатысушылар «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Адами капиталды дамыту комитетінің отырысы барысында айтты. Жиын әлеуметтік кәсіпкерлер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, ғылыми орта өкілдері қатысуымен өтті.
Комитет төрағасы Талғат Доскенов жылдан жылға әлеуметтік кәсіпкерлікке қызығушылық артып келе жатқанын атап өтті.
«Қоғамның қызығушылық танытуының дәлелі – әлеуметтік кәсіпкерлер санының артуы және олардың қоғамдық белсенділігі (ресми емес деректер бойынша олардың саны 500 бірлікті құрайды). Елде әлеуметтік кәсіпкерлер жұмыс істейді (Эмин Әскеровтың «Green Tal» әлеуметтік шеберханасы), отандық қорлар гранттары есебінен жобалар іске асуда («Samruk-Kazyna Trust» қоры) және халықаралық серіктестердің техникалық аталысуы арқылы жаңа алаң – «Асар» үшжақты форум құрылды, онда әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелері талқыланады, осы тақырып бойынша ғылыми база дамуда», – деп атап өтті Төраға.
Қатысушылар сонымен қатар заңнаманы анықтауға, кәсіпкерлердің осы салада қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларының болмауына қатысты бірқатар мәселелерді айтты. Әлеуметтік мәселелер жөнінде зерттеулер мен ғылыми мақалалар авторы, экономика ғылымдарының докторы Т.П.Притворова, «Green Tal» әлеуметтік шеберханасының авторы Эмин Әскеров, Орталық Азияның Еуразия қорының әлеуеттік кәсіпкерлік жөніндегі жетекші А.Тағатова дәріс оқыды.
Комитет отырысының қорытындысы бойынша әлеуметтік кәсіпкерлік түсінігін жүргізу, оның сертификаттауын жүргізу, «Менің атамекенім» базасында әлеуметтік кәсіпкерлерге арнап веб-сайт құру, ҰКП-да Әлеуметтік кәсіпкерлер және кәсіпорындардың критерийлері мен тізілімін әзірлеу, «Қазақстан әлеуметтік кәсіпкерлерімен жасалған» брендін қалыптастыру сынды тақырыптар талқыланды.
Бұдан бөлек, анағұрлым тиімді жұмыс істеу үшін бизнестің әлеуметтік саясаты, әлеуметтік кәсіпкерлік, бизнес білім, әлеуметтік және еңбек қатынастары, Worldskills корпоративті қозғалысы, жеке мектепке дейінгі және орта білім беру комитеттерін құру туралы шешім қабылданды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: