«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қостанайлық дизайнер ұлттық киім топтамасын Парижде өтетін сән көрсетілімінде таныстырады

2019 жылғы 23 Қыркүйек
- Қостанай облысы
12602 просмотров

«Түрік әлемі» дизайнерлер көрсетілімі Парижде қазан айында өтеді. Оған талантты дизайнер Евгения Домбаева шақырылған. Іс-шараға арнайы қостанайлық ательенің иесі ұлттық нақышта той көйлектер топтамасын тігуде

«Бізді үлкен еңбек күтіп тұр. Топтамада қол еңбегі көбірек болады. Ең қиыны жеңілдетілген нұсқаны тігуге тура келеді. Біз әдетте тігетін көлйектер страздар мен Swarovski тастарымен көмкерілген, әрі өте ауыр келеді, сондықтан оларды тасымалдауда проблема туу мүмкін. Бірақ біз барлығын ойластырып, жұмысты жалғастырудамыз», – деді Евгения Домбаева.

 Көйлектерден бөлек дизайнер көрсетілімге той бас киімдері – сәукелелерді де апарады. Олар да қолдан тігілген.

Парижде өтетін сән көрсетілімі – Евгения Домбаева қатысатын маңызды шаралардың бірі ғана. «Домбаева» жеке кәсіпкерлігі биыл «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының жеңімпазы атанды, сондықтан қазанда дизайнер Қостанай облысынан республикалық деңгейде байқауға қатысады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер