«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандыда техникалық реттеу бойынша семинар аяқталды

2019 жылғы 23 Қыркүйек
- Қарағанды облысы
7252 просмотров

17-19 қыркүйекте Қарағандыда «Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы жұмысшыларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру» тақырыбында семинар өтті.

Шараны Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты ұйымдастырды. Бұл тренинг жыл сайын аймақтық мамандардың кәсіби білім деңгейін көтеру және арттыру мақсатында өткізіледі.

Семинарға қатысушыларды «Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті» РММ басшысы  Б.Т. Қасымовпен  «ҚазСтИн» РМК Қарағанды филиалының директоры Д.Құсайынов қарсы алып семинардын басталуын ашты.

Дәрістерді саланың басым секторларының жетекші мамандары және техникалық реттеу жүйесінің сарапшы-аудиторлары оқыды. 3 күннің ішінде қатысушылар өздеріне қажетті ақпараттарды  алып, сұрақтарын қоюға және білікті жауап алуға мүмкіндік алды.

Семинар барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасында және ЕЭО-да стандарттау жүйелері саласындағы, менеджмент жүйелерін сертификаттау саласындағы, ЕАЭО техникалық реттеуінің заңнамалық негізіндегі жаңа тәсілдер туралы ақпараттар ұсынылды, сонымен қатар «Жанармай ретінде пайдалануға арналған сұйытылған мұнай газдарына қойылатын талаптар»  (ЕЭО ТР 036/2016), «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (ЕЭО ТР 040/2016) және метрология саласындағы заңнамадағы жаңалықтармен таныс болды.

Тренингке Қарағанды облысының мемлекеттік органдарының, жоғары оқу орындарының, оқу орындарының, қоғамдық білім беру, қауымдастықтардың, техникалық комитеттер мен өндірістік кәсіпорындардың 75 өкілі қатысты. Барлық қатысушылар техникалық реттеу жүйесінде танылған сертификаттарға ие болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер