«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан аяқ киім ішкі нарығының қажеттілігін 1,5-2%-ға ғана қамтамасыз етеді

2019 жылғы 20 Қыркүйек
- Алматы қаласы
7040 просмотров

Аяқ киім таңбалауды енгізу импорт мәселесін шешуге көмектеседі ме? Алматыда аяқ киім саласының осы және басқа да мәселелері талқыланды, онда өндірушілер XII Халықаралық аяқ киім және SHOESSTAR-Asia былғары тауарлар көрмесіне жиналды.

Халықаралық SHOESSTAR-Азия аяқ киім және аксессуарлар көрмесіне бүкіл әлемнің аяқ киім өңдірушілері және аяқ киім байерлері шақырылған. Келушілер қатарында көктем-жаз-2020 маусым аяқ киімдерінің барлық түрлерін өңдіруші компаниялар, олар Германия, Швейцария, Қытай, Украина, Польша, Түркия, Беларусь, Үндістан, Италия, Бразилия, Финляндия, Франция, Португалия, Испания және Ресей елдерінің жетекші компанияларының кең ассортименті, сондай-ақ аяқ киімге күтім жасайтын құралдар, сөмкелер мен аксессуарларды ұсынды.

Қатысушылар қатарында аяқ киім желілерінің иелері, бөлшек сауда дүкендерінің сатушылары мен тауар тұтынушылары, аяқ киім байерлері болды. SHOESSTAR-Азия көрмесі дүкен иелеріне белгілі әлемдік брендтердің өкілдерімен тікелей қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді.

Көрме барысында Қазақстан Республикасындағы аяқ киімді міндетті түрде таңбалауға арналған дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Аяқ киімді таңбалау жөніндегі пилоттық жобаның мақсаты-таңбалауды енгізудің орындылығын түсіну, талдау және оны енгізу, сондай-ақ, ол импорт пен контрафактінің мәселесін шеше ала ма?

«Бұл секторда көлеңкелі экономиканың үлесі өте жоғары. Аяқ киімнің көп бөлігі сертификатталмаған, декларацияланбаған қалыпта бізге жеткізіледі, бұл біздің адамдардың өмірі үшін қауіпсіз емес. Әрине, таңбалауды енгізу импорттың үлесін төмендетуге және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жолдарының бірі болып табылады. Сондықтан біз бұл жобаға үлкен көңіл бөлудеміз. ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы осы пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі бастамамен ұсынымды енгізді. Өндірушілерден басқа біз аяқ киім импорттаушыларды да шақырдық. Жалпы алғанда, Қазақстан өнеркәсібі аяқ киім саласы бойынша ішкі нарық қажеттілігінің тек 1,5-2%-ға ғана қамтамасыз етеді, ал қалған 98% бөлігі - импорт екенін көріп отырмыз. Қазіргі таңда біздегі пилоттық жобаға бес компания қосылды. Сондай-ақ, «Respect» компаниясы жобаға қатысуға ниет білдірді», – деп атап өтті ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер