«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Аға сеньорлар» жобасы арқылы оралдық кәсіпорын Ресей нарығына шықпақ

2019 жылғы 20 Қыркүйек
- Батыс Қазақстан облысы
7874 просмотров

«Атамекен» ҰКП бастамасымен «Аға сеньорлар» жобасы шеңберінде Орал трансформатор зауыты жанындағы «Ural electric» ЖШС-да Самара өндірістік кәсіпорынның сарапшысы Алексей Пищаев жұмыс істеуде. Оның мақсаты – жас кәсіпорынға сарапшылық баға беру және халықаралық деңгейдегі нарықтарға сәйкес келуге көмектесу

Естеріңізге салсақ, «Ural electric» ЖШС Орал трансформатор зауытының базасында  электртехникалық жабдық өндіреді. Бұл төмен және жоғары кернеудегі ұяшықтар, электр қосалқы станцияларға арналған шкаф құралдары, электр тарату желілеріне арналған құралдарды шығарады.  Дайын тауарды кәсіпорын әзірге елдің батыс аймағында – Ақтау, Атырау, Ақтөбе және облыс бойынша өткізеді. Келешекке мақсат – Ресей нарығына шығу.

Осы мақасат үшін кәсіпорынға сарапшы шақырылды. Алексей Пищаевтың пікірінше, басқару жүйесінде барлығы жақсы. Компания құрылымы қолжетімді, басшылық және қызметкерлердің байланысы – тікелей, бұл өте ыңғайлы. Қызметкерлер жас, бірақ тәжірибесі бар, қызығушылығы, процеске қатысуы жоғары және жұмыс істегісі келеді. Үлкен нәтижеге қол жеткізуге барлық мүмкіндіктер бар. Технологияларды ең озық түрлері қолданылады.

 «Цехтерде сандық бағдарлама бағдарламалауы білдектер жұмыс істейді. Сондықтан Ресейде болсын, бізде болсын қосалқы бөлшектер мен металл конструкцияларының технологиясы бірдей.  Бастысы, біз техникалық мамандарға өнімнің құрылымын техникалық тұрғыдан жақсарту үшін бірнеше ұсыныстар береміз, – деді сарапшы.

 Бүгінде «Ural electric» ЖШС-да 43 қызметкер жұмыс істейді.  Екі апта бойы олар қажетті білім мен машықтарды үйренеді, осылайша жаңа нарықтарға шығу кезеңі қолға алынбақ. Электротехника саласында ресейлік сарапшы 16 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Қазіргі таңда ол ашықтықты қамтамасыз етудің жаңа әдістерін әзірлеуге көмектеседі.

 Зауыт қызметкерлері бас комапниядан алынған прайспен жұмыс істеген, оны жобада 100%-ға қолдануға болмайды, өйтені жабдықтар әртүрлі. Сондай-ақ, жеке баулар мен компоненттердің құнын қайта есептеу қажет болды. Осыған байланысты біз Ресей нарығында бәсекеге қабілетті бағаны енгізу үшін талдау жүргіземіз.

«Осы кезеңде дұрыс есептеуді дайындау фактісі бойынша беруге болады, ол үшін қандай өзіндік құнға шығу керектігі жайында түсінік болуы шарт. Осындай ашық есептеулер болса, сату менеджерлеріне де жұмыс істеу оңай болады, өйткені олар құны, сатылатын жабдықтың маржиналдылығы туралы толықтай түсінікке ие болады», – деді Алексей Пищаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер