Алматы облысындағы FORES зауыты қуаттылығын үш есеге арттырды
Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов модернизацияланған өндірістің тұсаукесер рәсіміне қатысты
FORES түрік-қазақ компаниясы 2016 жылы негізі қаланған Қазақстандағы поливинилхлоридік терезелер мен есіктер үшін аксессуарлар өндіретін алғашқы компания. Жақында зауыт қуаттылығы жылына 1000 тоннадан 3000 тоннаға дейін, дайын өнімінің артқанын хабарлады. Сонымен қатар, 1800 м2 жалға алынған жердің орнына, зауыт бүгінде индустриялық аймақта орналасқан 5000 м2 жеке меншік жерге орналастырылған.
«Жаңа зауытты қайта инвестициялау бойынша өндірістік база 6000 шаршы метрді құрайды, ал 2020 жылға қарай 13000 шаршы метр болады. 50-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылды. Шығарылатын өнімнің ассортиментін кеңейтуді жоспарлап отырмыз, атап айтқанда, алюминий профильдері үшін терезе және есік фурнитурасын өндіру. Инвестиция сомасы 5 миллион долларды құрайды. Қазіргі уақытта нысанның пайдалануға дайындығы – 100%-ға орындалған», – деді FORES зауытының бас директоры Альмира Бердіғұлова.
Жаңғыртылғаннан кейінгі зауыттың салтанатты ашылуына Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов, Іле ауданы әкімінің орынбасары Алмасбек Сатібаев, Боралдай кентінің әкімі Данияр Қоңырбаев, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен келген қонақтар, Қазақстанның басқа қалаларынан келген тұтынушылармен мен серіктестер қатысты.
FORES ЖШС – қазіргі уақытта еуропалық сапа стандарттарына сәйкес поливинилхлоридік және алюминий жүйелері үшін фурнитура жасау бойынша ҚР-дағы бірінші өндірістік компания. FORES-Akpen New Line зауытының ресми өкілі, AKpen Plastik сияқты әлемдік нарықта танымал. Зауыт өндіріс пен сапаны дамыту саласында айтарлықтай табыстарға қол жеткізді, оның өнімі бүкіл әлем бойынша 40-тан астам елге жеткізіледі. Өндірістегі өз үлесі – 90%. Экспорттағы жалпы сатудың 32% құрайды. 2019 жылы өнім Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Әзірбайжан елдеріне экспортталады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: