«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ЕЭК өкілдері ақмолалық кәсіпкерлермен кездесті

2019 жылғы 20 Қыркүйек
- Ақмола облысы
25560 просмотров

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы алаңында Еуразия экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блогы қоғамдық қабылдауының отырысы өтті. Кездесуге ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқаның мүшесі (министр) Серік Жұманғарин, облыс әкімінің орынбасары Марат Иғали, өңірлік бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

 Серік Жұманғариннің айтуынша, диалог алаңының мақсаты – отандық бизнес ЕАЭО мүше мемлекеттерінің трансшекаралық нарықтарында жұмыс істеуінде тап болатын мәселлер және кедергілерді анықтау.

Ағымдағы жылдың бірінші жартысында Ақмола облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 218 751,9 млн АҚШ долларын құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 12,3%-ға ұлғайған. Осы ретте экспорт 73 182,5 млн АҚШ долларын құраған. Экспортталатын негізгі тауарлар – бидай, арпа, мойынтірек, ұн, жұмыртқа.

Кәсіпкерлердің негізгі мәселелері –  ЕАЭО мүше мемлекеттерімен арасындағы өткізу пункттерінде туындайды. Өткізілген құжаттарды өңдеудің ұзақ процесі, демалыс күндеріндегі үзіліс және жүктің кешігуі үлкен қаржылық шығындарға әкеледі. Сонымен қатар техникалық реттеу, ветеринарлық, санитарлық және фитосанитарлық шараларға қойылатын ұлттық талаптарға байланысты кедергілер бар.

 2020 жылыдң 1 қаңтарынан бастап Қазақстан үшін шегерілген – сүт сапасы бойынша Кеден одағының техникалық регламентін міндетті қолдану  (сүт және сүт өнімдері, өндіру, сақтау, тасымалдау, сату және жоюға және т.б. қауіпсіздігіне қойылатын талаптар) бойынша норма күшіне енеді.

 «Әрине, Қазақстан шикі сүтке қойлатын талаптарды орындауға шегерім алған болатын. Алайда бүгінде өңдеуге түсетін сүт Кеден одаңының техникалық регламенті талаптарына жауап бермейді. Сүттің басым көлемі жеке үй шаруашылықтарынан алынады, олар шикізаттың бірқатар көрсеткіштер бойынша сәйкес келуін қамтамасыз ете алмайды. Ақмола облысында былтыр 218,2 мың тонна сүт өндірілді, соның ішінде 159,1 мың тонна жеке шаруашылықтарда өндіріледі.  Бұл өндіріс көлемінің 73%-ы. Жалпы елдегі сүттің 76%-ы шаруашылықтарда өндіріледі», – деді ӨКП директоры Тимур Нақыпбеков.

 «Аitas KZ» АҚ сыртқы байланыс қызметінің директоры Рабиға Тоқсейітованың айтуынша, компания өткізу бақылауын өтерде Ресей тарапынан ылғи өнімді сынау хаттамасына тап болады. Құжат бір айға жарамды, өнім – тез бұзылады, және құжаттарды дайындау-көрсету процедуралары жағдайды қиындатады.

 «Алиса» ЖШС өкілі Әлібек Қасымов АҚШ-тың импорттаушы-елдерге қойған санкциялар салдарынан Иран нарығына қолжетімсіздікті айтты. Серік Жұманғариннің айтуынша, Қазақстан вето-елдерге жатпайды.

 Ақмолалық кәсіпкерлердің мәселелері өнімді Ресей сауда желілері арқылы өткізу, техникалық реттеу саласында қосымша ұлттық талаптар, вагондардың тұрып қалуы, тарифтерге қатысты болды.

ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министр барлық жүйелі мәселелер мен кедергілер Одақ елдерімен бірге қаралып, жүйелендірілетін айтып,  кәсіпкерлерді Комиссияның жұмысына белсенді өзара әрекеттесуге шақырды.  

 Кездесуді Тимур Нақыпбеков қорытындылап, қазіргі таңда Өңірлік палата жанынан Экспорт мәселелері жөнінде жобалық алқа құрылығанын айтты, онда кәсіпкерлердің осы саладағы мәселелері мен ұсыныстары шоғырланатын болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер