«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: Азық-түлік өнімдерін өңдеу және сақтау жүйесі бағалардың маусымдық құбылуын алдын алады

2019 жылғы 19 Қыркүйек
6960 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев осындай пікірді   Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтың қатысуымен өткен Кәсіпкерлердің жыл сайынғы VI конференциясы барысында білдірді

«Елорда маңында көптеген ауыл шаруашылығы кәсіпорындары орналасқан. Осы ретте елордада өнімді өңдеу, сақтау орындары жоқ, өткізу жолға қойылмаған. Сондықтан әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар кәсіпкерлермен бірге осы мәселені назарға алып, Көтерме-тарату орталықтарын құрып қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және ұзақ сақтау жолдарын ойластыруы керек», – деді Тимур Құлыбаев.

 ҰКП басшысы мысалға Ресей тәжірибесін келтірді, онда кеңес дәуірінен бері сақтаудың тимді жүйелері жұмыс істейді. Өнімді жинау науқанында олар осы азық-түлік өнімдерін жүк көліктерімен алып кетеді, ал азық-түлік өнімдерін ұзақ сақтау жүйесі арқылы маусымдық құбылуларды алдын алып, бағаны реттеп отырады.

 «Елордаға жақын орналасқан облыстарда агробіліктілік орталықтарының ашылуын талап етеміз, онда маусымдық баға құбылуын болдыртпау үшін өңдеу және сақтау пунктері болуы керек. Осы орталықтарды дамытып, елордаға қажетті өнімдерді өндіреміз. Ол үшін бізде қажетті ресурстар: су, жер және мамандар жеткілікті. Осы мәселені назарға алып, жұмысты қала әкімдігімен үйлестіру қажет», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

Ары қарай «Атамекен» басшысы отандық өндірушілерді мемлекеттік және квазимемлекеттік органдарымен ұзақ мерзімді келісімшарттар арқылы қолдау мәселелеріне тоқталды.  

«Бір типтегі тауарларды сатып алуда бағалық айырмашылықты алдын алу үшін барлық ұлттық компанияларды қоса алғанда, отандық өндірушілеріміздің қолдауымен  сатып алулардың бірыңғай терезесін құру маңызды. Сатып алуларды жүзеге асыруда бағалық айырмашылық кейде 30%-ға дейін жетеді. Бізге барлық сатып алуларға отандық өндірушілер қатысуы маңызды. Қазір біз қарапайым заттар экономикасы жобасын жетілдіріп жатырмыз, онда осы мәселелер қаралуда. Өндіретін немесе өндіруді көздейтін, ұзақ мерзімді келісімшарттарды жасау үшін сатып алуларға қатысатын кәсіпорындарға жүйелі қолдау көрсетеміз», – деді Тимур Құлыбаев.   

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер