Алматы облысының Өңірлік Кәсіпкерлер Палатасы мен облыс Әкімдігі СКРИННИНГ өткізуде
Бүгінгі күні Алматы облысында 120 000 мыңнан астам жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген және олардың саны үнемі артып келеді. Өңірлік Кәсіпкерлер Палатасы жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, Бизнесті дамыту үшін перспективалық бағыттарды анықтау және өңірлік даму картасына өзгерістер енгізу үшін барлық Алматы облысы бойынша скрининг өткізуде.
Аталған іс-шара өңірде бизнес-жобаларды құру үшін ең қажетті бағыттарды анықтап, олар үшін ең жақсы орналасқан жерді анықтай алады, сондай-ақ бизнестің табысты дамуына кедергі келтіретін проблемаларды анықтайды.
Зерттеу әдісімен облыстың әрбір елді мекеніндегі үй-жайды аралау немесе қоңырау шалу түрінде сауалнама алынды. Сауалнама 29 мәселені қамтиды және кәсіпкерлердің, сондай-ақ халықтың қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.
"Біз қандай жобаларды құру қажеттігін және қолданыстағы жобалардың қайсысы мемлекеттің қолдауын қажет ететінін немесе қаржыландыруды, ал қаржы институттарының құралдары есебінен қаржыландыруды көре аламыз. Скринингтің көмегімен қаржыландыру қажеттілігін, жұмысқа орналасу үшін кәсіпорындарда мамандар қажеттілігін және халықтың табысын арттыру аясында әлеуметтік аспектілерді қозғайтын басқа да көптеген мәселелерді анықтауға болады", - деді Алматы облысы Кәсіпкерлер Палатасының директоры Әсет Шаяхметов.
Кәсіпкерлер мен халықты түсіністікпен және қолдаумен біздің бастамамызға қарап, сауалнамаларды толтыруға жәрдем көрсетулеріңізді сұраймыз.
Скрининг пен Сіздің бизнесіңіздің барлық мәселелері бойынша Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасына келесі мекен-жай бойынша хабарласуларыңызға болады: 040000, Талдықорған қаласы, ш / а.8, 2 "А" ғимараты, Көрме кешенінің ғимараты, 2-қабат, тел. 8 (7282) 401 499, zhetysu@atameken.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: