«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық бизнеске ЕАЭО ішкі нарығына кіру шектелген

2019 жылғы 13 Қыркүйек
5416 просмотров

Отандық кәсіпкерлер өздерінің ЕАЭО нарығына кіру жөнінде түйткілді мәселелерін ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановка және ЕЭК Алқасы (Министр) бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блогының мүшесі Серік Жұманғаринге қойды. Бұдан бөлек, ЕЭК өкілдері орын алған сұрақтар бойынша жеке консультациялар берді.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Евгений Больгерт өзінің баяндамасында ЕАЭО шеңберінде сауда айналымы деректеріне баса назар аударды. Жүргізілген талдау Қазақстан мүше мемлекеттерге экспорты Одақ елдерінен әкелінетін импортынан бернеше есе аз екенін көрсетті, мұндай жайт Қазақстан нарығы ЕАЭО елдерінен әкелінетін тауарларға ашық екенін дәлелдейді.

 Евгений Больгерттің пікірінше, қазақстандық өңделген өнім экспорты өсуінің болмауы өзара сауда-саттықта кедергілердің барын көрсетуде. Палата интеграцияға жүргізген талдауға сәйкес 2015 жылдан бері қазақстандық тауарларын Одақ елдеріне жеткізілімдерін арттыруда тежеу болып отырған бірқатар кедергілер сақталып отыр:  электронды цифрлық қолтаңбаны өзара тану, Ресейдің сауда желісіне шектеулі қолжетімділік, Қырғызстанда импортты тауарларға бақылау бағаларының ең төменгі деңгейі.

 Өз сөзін қорындылай келе, Евгений Больгерт Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаевтың былтыр Сочиде өткен Жоғары кеңестің отырысында айтқан бастамасын жүзеге асыруды және ЕАЭО ішкі нарығында болатын кедергілерге тез әрекет ету жөнінде топты құруды ұсынды.

 Бизнес тарапынан қатысушылар бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. «АрселорМиттал Темиртау» тауарды Қазақстаннан Украинаға экспорттау кезінде мәселелер орын алды, өйткені бағыт Ресей Федерациясы аумағынан өтеді. Ресей Федерациясында тауарларды Украинаға шығаруға қатысты тыйым салдарынан отандық кәсіпорындар қазақстандық көмірді толық көлемде экспорттай алмай отыр.

 «Мендегі деректерге сәйкес, қазіргі таңда мұндай схема Үкімет деңгейінде, қателеспесем, ведомствоаралық комиссияда келісілген болатын. Мұның бәрі санкциялық қысымға байланысты орын алған, сондықтан Ресей Федерациясы аумағынан Украинаға көмір тасымалы транизитіне квота жүріп жатыр. Мен ресейлік әріптестеріммен сөйлестім, олардың да өз дәйектері бар, олардың айтуынша, бұл кваоталар да орындалмай отыр, бірақ бұл бөлек әңгіме. Мына аталған мәселеде транзит бойынша болатын саясатты анықтап алған жөн», – деді Серік Жұманғарин.

Палатаның пікірінше, РФ-дағы шектеулер Қазақстанда жасалған және Ресей территориясы арқылы транзитпен үшінші елдерге экспортталатын  тауарларға әсер етпеуі тиіс. Қазақстандық экспорттың шектелуімен қоса, РФ арқылы Қазақстанға кіретін бүкіл жүк Ресей аумағына кірерде, сондай-ақ Ресей аумағынан шығарда бірнеше рет кедендік тексеруге ілінеді, бұл жайт жүк тасымалдарының түпкі құнының өсуіне қарай кері әсер етеді.

Қазақстаннан Ресейге сүт өнімдерін тасымалдау процедурасы қиындатылған. Жүк туралы ақпарат жедел түрде Қазақстан және Ресейдің өкілетті мемлекеттік органдары арасында таралуы керек. Алайда, іс жүзінде қазақстандық кәсіпкерлер бақыланатын жүктің өтуі жайында хабарламаны алу туралы растауды күтіп, өткізу пункттерінде сағаттап тұруға мәжбүр.

Қазақстан сүт одағының атқарушы директоры Владимир Кожевниковтың айтуынша, тез бұзылатын жүкті тасымалдайтын автокөлік өткізу пунктінде жүк туралы деректердің (бақыланатын жүктің өтуі туралы хабарлама) түсуін күтіп 8 сағатқа дейін тұруға міжбүр, аталған хабарлама негізінде «Меркурий» базасында ресейлік үлгідегі ветеринарлық сертификат жасалады.

«Бізде жарамдылық мерзімі 3-7 күн тез бұзылатын өнім, ал кәсіпкерлер бекеттерде 6-7 сағат тұрып қалады. Мәселен, Қостанай облысының «ДЕП» ЖШС өндірілген өнімді РФ территориясына тасымалдайды. РФ-ға сүт өнімін экспорттау үшін «№4 формасында ветеринарлық сертификатты» рәсімдеу керек, аталған сертификат дайын өнімге беріледі, ары қарай Ресейге кету керек. Бірнеше бекеттен өту қажет, және «Қайрақ» – «Бугристое» өткізу бекеттерінен өтерде «Россельхознадзордың» ветеринарлыөқ инспекторы компанияның бақыланатын жүктерінің өтуі туралы электрондық хабарламалар жүйесінде көрмей қалады», – деді Владимир Кожевников

  Бұл кідіру компанияның деректерін аумақтық инспекциядан бақылау-өткізу пунктіне РФ бақылау бекетіне берудің ұзақ мерзімді схемасына байланысты пайда болады. Айта кету керек, егер шекараны өту демалыс күндеріне түссе, онда хабарландыруды алу тіптен мүмкін емес. жүйелердің интеграциясының болмауына әкелген тағы бір мәселе – тауар туралы деректер. «Молочный союз» ЖШС директоры Александр Кузлякин түсіндіргендей, сүт өнімі көп жағдайда кондитерлік өніммен бірге жөнелтіледі. Егер тізбеде өнімнің 150-230 аталымы болса, онда ветеринралық мамандар деректерді базаға қолмен енгізеді.

 «Біз ресейлік тарапқа деректерді біздің ветеринарлық қызметтен флешка арқылы әкелуді ұсындық, бірақ бұл ережелерге қайшы. Тасымалдаушылар да, ресейлік тараптан ветеринарлық қызмет те шаршады», – деді Александр Кузлякин.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов кедергілерге қарамастан, жүйелер арасындағы интеграцияның болмауы түсініксіз деп атап өтті.

 «Шекаралық қызметтер, сертификаттар, деректер базалары бойынша көп сұрақ туындайды. Бүшін айтылған барлық міселлерді жинап, оларды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Әлихан Смайыловқа жібереміз. Ақпаратқа келер болсақ, өкінішке қарай халықаралық келісім бар, бірақ кәсіпкерлеріміз қиыналып жатқанын көріп отырмыз. Деректерді электронды нұсқада әкелу үшін мәселені шешіп көрі керек» – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

Кереғар ситуация ЕАЭО шеңберінде жүк тасымалдарында контейнерлерді пайдалану бойынша орын алған. Аталған ситуация тасымалдаушының, сонымен қатар сыртқы экономикалық қызметтің басқа да қатысушыларының қызметін қиындатқан. Бұл жайт теміржолшыларды халықаралық шарттардың нормаларын бұзу және әкімшілік жауапкершілікке тарту қаупімен контейнерлерге қосымша есеп және бақылау жүргізуге мәжбүрлетеді. Осы мәселені «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері көтерді.

Тағы бір шектеу қазақстандық алкогольді өнімін Ресейге экспорттауға кедергі келтіруде. Ресей заңымен жыл сайынғы индексикациямен 1 литр алкогольді өнімге «қамтамасыз ету төлемі» енгізілген. Бұл сома әкелінетін өнім құнынан 3-3,5 есе жоғары. Қазақстандық компаниялардың барлығы бірдей сәйкес соманы төлей алмайды, бұл жайт отандық компаниялардың Ресей Федерациясы нарығына кіруін қиындатады.

Кездесудің екінші бөлімінде ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блоктың қоғамдық қабылдауының отырысы өтті. Қоғамдық қабылдау шеңберінде ЕЭК өкілдері отандық бизнеске ЕАЭО трансшекаралық нарықтарында жұмыс істейтін ережелер, және жеке мүдделерді қорғау мақсатында ЕЭК-ке өтінім жасау мүмкіндігі туралы ақпарат береді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер