«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» қазақстандық тауарлардың РФ нарығына шығуына қатысты ЕЭК-ке үндеу дайындауда

2019 жылғы 10 Қыркүйек
5636 просмотров

ЕАЭО ішкі нарығы шеңберінде кезекті кедергі. Одақ бойынша серіктес қазақстандық тауарларды ресейлік нарыққа шығуын жариясыз шектеуде

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Евгений Больгерттің айтуынша, ресейлік тарап ауыл шаруашылығы өніміне қатысты шектеулерді үнемі енгізеді. «Зенченко и К» компаниясына қатысты мәселе бір реттік емес. Ағымдағы жылдың тамыз айына сәйкес жыл басынан Россельхознадзор тарапынан Қазақстанға қатысты енгізген 16 шектеудің ішінен 14-і жұмыс істеді. Басқаша айтқанда, жарты жылдан астам уақыт ішінде қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімін Ресей Федерациясына енгізуге қатысты небәрі 2 шектеу алынып тасталды. Осындай шектеулер негізінен кәсіпорындарға қатыстырылмай жеткізілімдерге қолданылады.

 Россельхознадзор жекелеген кәсіпорынларға қатысты шектеулер/тыйымдар және күшейтілген зертханалық бақылауды енгізуге құқылы. Осы негізде қазақстандық кәсіпорынлар өніміне де шектеулер енгізілген.

Алайда, біздің пікірімізше, Ресейдің өкілетті органдары берілген құқықты жиі асыра пайдаланады. Мәселен, ағымдағы жылдың тамыз айында ЕЭК Кеңесінің отырысы барысында біздің беларусьтік әріптестер Ресей тарапынан сүт өніміне қатысты талаптардың тым жоғарылығы туралы мәселені көтерді (8 мамырдан бастап Россельхознадзор беларусьтік 37 с.т өндіруші кәсіпорнына өнімді Ресейге кіргізуге шектеу енгізген).

 Россельхознадзордың іс-әрекеті тұрғысынан ресейлік сауда желілерінде қазақстандық өнімді жариясыз шектеу туралы ақпарат экономикалық интеграцияның базалық негіздеріне – ЕАЭО аумағында тауарлардың еркін айналымына күмән келтіреді.

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ЕЭК-ке Ресей нарығына шығу үшін көрсетілген кедергілерді жою бойынша шұғыл консультациялар жүргізу туралы ресми сұрату дайындап жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер