«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қытай нарығына шығу жолдарына қатысты курстар өтеді  

2019 жылғы 05 Қыркүйек
- Алматы қаласы
4110 просмотров

Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен CCIT Қытай сертификаттау және инспекция орталығы келісімге келді, соған сәйкес арнайы экспорттаушылар үшін, қазақстандық өнімді Қытай нарығына экспорттаудың қадамдық алгоритмі бар офлайн-курстар өткізілетін болады.

Осы және басқа да кәсіпкерлерді қолдау шаралары туралы бүгін Алматы экспорттаушылар клубының отырысында талқыланды, оған алғаш рет экспортты қолдау жөніндегі барлық құрылымдардың басшылары шақырылды.

«Экспортшылар клубы екі жылдай уақыт жұмыс істейде, осы аралық ішінде клуб 200-ден астам алматылық бизнесмендердің басын біріктіруде. Екі жыл уақыт ішінде Алматының 80-нен астам экспорттаушысы 124 млн. АҚШ долларына келісімге отырды. Бизнесмендердің маңызды ақпараттарды бірден алуы үшін, біз кездесуге экспорт мәселелерімен тікелей байланысты даму институттары мен қаржы институттары басшыларының клубын шақырдық», - деп атап өтті Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов.

Қазақстанның Сыртқы Сауда Палатасының Төрағасы Аян Ереновтың айтуынша, бүгінгі уақытта экспорт саласындағы мемлекеттік тәсілдерді қайта қарау жұмыстары жүріп жатыр.

«Өткен жылы 250 компанияға сервистік қолдау көрсетілді», - деді Аян Еренов.

Оның атап өткеніндей, сыртқы сауда палатасына экспорттық мәселелер бойынша өзгерістер енгізу үшін бизнесті қолдау қажет.

Мысалы, келісім-шарттарды жасап, 2-3 жылдық кезеңге күнтізбені қалыптастыру керек.

«Экспорттаушылардың қарауына шығарылатын тағы бір ұсыныс - бұл негізгі нарықтарда сауда өкілдіктерін ашу», - деп ұсынды ол.

Сондай – ақ, ол оқыту мәселесінде айтып кетті. Биыл Алматы мен Шымкентте экспорттаушылар үшін курстар ұйымдастырылады. Бұдан басқа, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы Қытай CCIC сертификаттау және инспекция орталығымен келісімге отырды, соған сәйкес экспорттаушылар үшін қазақстандық өнімді Қытай нарығына экспорттаудың қадамдық алгоритмі бар офлайн-курстар өткізіледі.

«Бұл ұйым Қазақстан нарығында 15 жыл уақыт жұмыс істеуде, олар сертификаттау бойынша, сондай-ақ Қытай стандарттарына сәйкес келетін сапаны бақылау жүйесін құру бойынша жұмыс істейді. Біз осындай құзыреттері жоқ экспорттаушылар үшін, олардың және біздің қызметтерімізге қандай да бір симбиозын құрудамыз», - деді ол.

«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ қызметі туралы QazIndustry» қолдау құралдары орталығының директоры Диас Серіков әңгімелеп берді.

«Бізге экспорттаушыларды қолдау – тауарларды жылжытумен байланысты шығындарды өтеу функциясы берілді. Қазір біз шығындарды өтеу бойынша өтінімдер қабылдауды жарияладық. Өңірлердегі кәсіпкерлермен кездесу негізінде біз мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың ағымдағы ережелеріне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды қалыптастырдық, олар қазір мемлекеттік мекемелермен келісілуде», – деді ол.

«Qazatrade» АҚ Бас директоры Арман Әбенов жақында ғана сауда саясатын дамыту орталығының базасында экспорттаушы мен мемлекеттік органдар арасында агент болатын, сондай-ақ бірыңғай үйлестірілген экспорттық саясатты жүргізуге мүмкіндік беретін «Qazatrade» экспорттаушылары үшін «бірыңғай терезе» құрылғанын айтты.

Алматы қаласы «Kazakh Export» өкілдігінің директоры Нұрлан Мұрұмбаев экспортты қаржылық қолдау шараларын көрсету мүмкіндіктерімен таныстырды.

Экспортшылар клубының мүшелері белсенді сұрақтар қойып, кездесетін мәселелерді айтты. Тауар таңбасын тіркеу, экспорт үшін қажетті құжаттарды алу кезіндегі қиындықтар, қосылған құн салығын қайтару және т.б. сұрақтар қойылды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер