Модернизация және бәсекеге қабілетті өнім шығару ұзақ мерзімді келісімшарттар арқылы мүмкін – Тимур Құлыбаев
Отандық бизнес жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында жергілікті қамту үлесін арттырмақ
Бұл мәселе Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысы шеңберінде талқыланды. Қазіргі таңда Атырау облысы 100-ден астам жаңа мұнай объекті құрылысына 106 млрд теңге игеруде. «Атамекен» бағалауы бойынша жаңа кәсіпорындар отандық өндірушілерге сатып алуларға қатысып, ұзақ мерзімді келісмшарттарға шығуға көмектеседі.
«Атырау облысы – өндірілетін жұмыс көлемі бойынша көшбасшы өңірлердің бірі. Облыс ірі мұнай кәсіпорындары және ТШО, КПО және NCOC сынды мега жобалармен ғана емес, сондай-ақ қазақстандық жеке компаниялармен де танылған. Бүгінде «Атамекен» «Сатып алулардың бірыңғай терезесі» алаңын әзірледі, онда Қаржы министрлігі, «Самұрық-Қазына» қоры, «Бәйтерек» холдингі, «ҚазАгро», Nadloc сатып алулар базалары, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар базасы қамтылған. Портал сатып алулардың бүкіл көлемін, отандық тауар өндірушілер қандай тауар өндіретінін, компания тарихын, соның ішінде несиелік тарихы қандай екенін көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар контрагенттер кіммен жұмыс істеп жатқандарын көруі үшін бизнес-тізілім құрылған. Негізгі мақсатымыз сатып алуларды ашық ету және отандық тауар өндірушілерге қатысуға мүмкіндік беру», – деді Тимур Құлыбаев.
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасының айтуынша, статистика таң қаларлық сандарды көрсетуде. Заңнамалық нормаларға қарамастан, мемлекеттік сатып алулардың 75%-ы бір көзден жүргізіледі, ал тендермен салыстырғанда бағаларды жоғарылату 30%-ға дейін жетеді.
«Сатып алулардың бірыңғай терезесі» порталындағы статистика автоматты түрде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне түсетінін атап кеткен жөн. Тимур Құлыбаев сатып алулардағы ашықтық отандық тауар өндірушілерге ұзақ мерзімді келісімшарттарды жасауға мүмкіндік беретініне сенімді.
«Өндірісті модернизациялау және бәсекеге қабілетті өнімді шығару ұзақ мерзімді шарттарды жасау кезінде мүмкін. Жер қойнауын пайдаланушылар, әсіресе халықаралық компаниялар жоғары сапаны, бәсекелестік бағаларды талап ететінін түсінікті, оған ұзақ мерзімді келісімшарттары жасау арқылы жетуге болады. Бүгінде облыс бойынша мемлекеттік сатып алулар бюджеті 200 млрд теңгеден асады. Ұлттық палата, мемлекеттік органдар бірлесіп, отандық тауар өндірушілерге ұзақ мерзімді келісімшарттарға шығуға көмектесуі керек. Содан кейін жер қойнауын өндірушілер көлеміне шыға аламыз, онда сатып алулардың да көлемі ауқымды», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.
Бүгінде жер қойнауын пайдаланушылар сатып алуларында жаңа өнімді игеру әлеуеті 200 млн АҚШ долларына бағаланып отыр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: