«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда кәсібін енді қолға алған кәсіпкерлер қосымша қаржыландыру алады

2019 жылғы 04 Қыркүйек
5882 просмотров

Алматыда жыл соңына дейін кәсіпті енді қолға алған кәсіпкерлерді қолдауға арналған жаңа микроқаржы ұйымы іске қосылады. Аталған микроқаржы ұйымы «Атамекен» ҰР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және қала әкімдігінің бірлескен жобасы болмақ

Сонымен қатар «Атамекен» биыл мектеп оқушыларына кәсіпкерлікте бағдар беру арқылы  отандық бизнес-қоғамдастық құрамын жасартуды жоспарлап отыр. Оның үстіне бизнес негіздері бойынша барлық қажетті білімді жоғары сынып оқушылары мектеп бағдарламасы шеңберінде оқи алады.

 «1 қыркүйектен бастап елдегі барлық мектептерде «Кәсіпкерлік негіздері» пәні енгізілді. Сонымен қатар жоғары оқу орындары студенттеріне бағытталған «Бизнес бағдар» бағдарламасы әзірленген. Бағдарлама бизнес бастағысы келетін студенттер бағдар табуы үшін қолға алынған. Біз «Атамекен» ретінде бизнес ашып, жеке идяларды жүзеге асыру үшін не істеу қажеттігін түсіндіруіміз керек», – деді Алматы кәсіпкерлерінің V конференциясында Тимур Құлыбаев.

 Ұлттық палатаның кең қолданыстағы бағдарламаға келетін болсақ, жылдың соңына дейін Алматыда 7 950 адам «Бастау» жобасымен, соның ішінде «Жас кәсіпкер» жобасымен жұмыссыз және тиімсіз жұмыспен қамтылған 2 650 жас оқиды. Алайда осы ауқымның жартысын болса да микро несиелермен қамтамасыз ету үшін 13,4 млрд теңге қажет.

 Микро несиелердің қолжетімділігін арттыру мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы микроқаржы ұйымдарының «Еңбек» бағдарламасына жұмылу шарттарын қайта қаруды ұсынды, сонымен қатар қала әкімдігінің ӘКК жанында микроқаржы ұйымын ашу бойынша бастамасын қолдады.

 Естеріңізге салқса, «Атамекен» ҚР ҰКП елдің бірқатар өңірінде, атап айтқанда Маңғыстау облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Қарағанды облысы және Жамбыл облысында микроқаржы ұйымдарының жұмысын жүзеге асыруда. 2016 жылдан бастап жалпы сомасы 9 млрд теңгеге 2 мыңнан астам бизнес-жоба қаржыландырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер