«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы кәсіпкерлері жыл сайынғы конференцияда жер мәселесін талқылады

2019 жылғы 03 Қыркүйек
4596 просмотров

Жер телімдерінің қолжетімділігі, бос жер телімдері және инфрақұрылым мәселелерін «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев айтты

Тимур Құлыбаев Алматы қаласы кәсіпкерлерінің жыл сайынғы V конференциясы барысында қалада бос жер телімдерінің барын, алайда олардың бір бөлігі екінші деңгейлі банктерде кепілдікте немесе Проблемалық кредиттер қорының балансында жатқанын айтты.

 «Бұл мәселеде «Атамекен» әкімдікке қолдау көрсетіп, Проблемалық кредиттер қорында жатқан жер телімдерін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация балансына беру жөнінде Үкіметке өтінім жасауға дайын. Бизнеске қайда және қандай бос жер телімдері бар, оларды қандай қажеттіліктерге алуға болатынын түсіну қажет. Ол үшін бас жоспардың деректерін өзектендіріп, ескеру қажет, жоспарда қаланың әлеуметтік дамуына қажетті жер телімдерді белгілеп, қалған телімдерді бизнес қажеттілігі үшін аукционға шығару қажет. Қаржыгерлер қауымдастығы банктермен бірлесіп, барлық тараптардың мүддесін есепке ала отырып, банктерде кепілдікте жатқан жерлерді жұмсау үшін бізге қандай құқықтық механизмдер қажет болатынын сараптауы керек», – деді Тимур Құлыбаев.

Спикер іскерлік ахуалды жақсарту және өңірлердегі ашық орта – бос жер телімдері, инженерлік желілердің қуаты және оларға қосылу мүмкіндігі туралы электронды ақпараттың қолжетімділігіне тікелей тәуелді екенін атап өтті. Ал ақпарат кез келген кәсіпкерге онлайн режимде қолжетімді болуы керек. Іс жүзінде ақпаратты интернет-ресурстарда жариялау жөнінде талапты бірнеше әкімдік қана орындап отыр.

 Тағы бір проблема тұрақты емес сауда объектілеріне деген жоғары қажеттілікке қатысты. Төралқа Төрағасы осы мәселенің шешімі ретінде Нұр-Сұлтан қаласында жүзеге асқан «1000 сауда орны» жобасының тәжірибесін қарауды және оны бас жоспарда ескеруді ұсынды.

 Айта кетелік, 2019 жылдың соңында жер телімдері бойынша ақпаратты цифрландыру толық аяқталады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер