Семейде «Basta fest» форумы өтті
ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Семей қаласы бойынша филиалы қала әкімдігінің үлкен залында «Basta fest» алғашқы бизнес-форумды өткізді. Іс-шараның мақсаты – «Жас кәсіпкер», «Бастау Бизнес» жобаларын жастар және бастауыш кәсіпкерлер арасында насихаттау
Бренд-амбассадор ретінде Форум жұмысына мотор майларын сататын «Риск» ЖШС директоры Бауыржан Түсіпбаев, бизнес-тренер Азамат Ербалин, ҚР өңірлегі бойынша Синергия университетінің өкілі Маржан Шагимолдина қатысты. Олар жеке табыс тағылымдарымен бөлісіп, жастарға пайдалы кеңестерін берді.
Сонымен қатар форумда «Бастау» жобасының түлектері де тәжірибелерін ортаға салды, мәселен Альмира Ай ғазина сөйлеуінде мүкісі бар балаларға түзету орталығын ашты, ал Раушан Төлеуханова Алакөл көлі жағалауында фастфуд кафесін ашқан.
Бизнес-тренерлер Рамиль Егізбаев, Дамир Камидулин және «Бастау Бизнес» жобасының үйлестірушісі Ерғазы Айтқазин «Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары», «Қаржы сауаттылығы», «Эмоциялық зияттың бизнестегі табысқа әсері» тақырыптарында дәріс оқыды.
Форум соңында «Жас кәсіпкер» жобасына қатысқан кәсіпкерлерге сертификаттар тапсыру рәсімі өтті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: