«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бастау» жобасының жаңа легі 9 қыркүйекте басталады

2019 жылғы 02 Қыркүйек
7086 просмотров

 9 қыркүйек күні  Қазақстанда «Бастау» жобасы кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың жаңа легі басталады

Жобаны жүзеге асырудан бастап 60 мыңға жуық адам оқуға қатысты, 11 мыңнан астам жеке өндіріс құрылды, 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Естеріңізге салсақ, «Бастау» жобасы экономикалық белсенділікті арттыру, бизнеспен айналысуға тарту арқылы халықтың іскерлік әлеуетін ашуға бағытталған.

 Жобаға жас ерекшелігіне қарамастан, кәсіп ашу, қолданыстағы бизнесті кеңейтуді қалайтын әркім қатыса алады.

 Жоба:

-бизнес-идеяны бағалуға көмек беру;

-сауатты бизнес-жобаны құруға ықпалдасу;

-сенімді тәлімгердің (бизнес-тренер) қолдауын кепілдік етеді

 Оқу 20 күн бойы жалғасады, тыңдаушыларға 16 759 теңге көлемінде шәкіртақы қарастырылған.

 Бастысы, бизнес-жобаны қорғаған соң қатысушылар грант немесе ең тиімді шарттарда микронесие ретінде бастапқы капитал ала алады.

 Жобаға қатысу үшін сілтеме арқылы тіркеуден өту керек, немесе Кәсіпкерлер палатасының қалалық/аудандық филиалына жүгіну қажет, call-орталық: 1432.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер