«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматылық жас кәсіпкерлер алғашқы гранттарын алды

2019 жылғы 28 Тамыз
- Алматы қаласы
4942 просмотров

Алматыда «Жас кәсіпкер» жобасының алғашқы легінің тыңдаушылары мемлекеттік гранттарды беру жобаларын 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қорғайды. Жобаларын алғашқы болып Бостандық ауданындағы ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер ұсынды.

Бүгінгі таңда 31 адам өз бизнес-жоспарын комиссия мүшелерінің алдында қорғады, оның құрамында Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары м.а. Алма Тұрлыбаева, «Шағын және орта бизнесті қорғау бойынша тәуелсіз кәсіподақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Елена Мотькина, «Алматы қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы» кәсіби оқыту бөлімінің маманы Нұржан Ақышев, Палатаның жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Динара Нұрмаханова және кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің сарапшысы Тынышқали Сабен болды.

Жобаның түлегі және алғашқы мемлекеттік гранттардың бірінің иегері Мария Абадиева «Ойын киносының және телевизия саласының режиссері» мамандығы бойынша жоғары білімі бар, сондай-ақ «Step club» жеке кәсіпкерлігінде жұмыс істейді. Бойжеткеннің жобасы - балалар мен жасөспірімдерге арналған жасөспірімдер киносы. «Кино мектебі - бұл әр баланың режиссерлік, сценаристік, оператор мен актерлік таланттарын аша алатын орын. Біз сценарий жазамыз, фильмдеріміз бен мультфильмдерімізді түсіреміз, Қазақстандағы балалар киносын дамытамыз, сондай – ақ, қарым-қатынас жасау үшін шығармашылық алаң құруға тырысамыз», - дейді ол. Мария гранттық қаражатты қажетті студиялық жабдықтар мен компьютер сатып алуға жұмсауды жоспарлап отыр.

Грантқа ие болған тағы бір түлегіміз Темірлан Сали, ол жоба барысында бизнес ашып, Үлкен Алматы көлі мен Көк Жайлау бойынша экскурсия жасауға арналған мототехниканы жалға береді. Гранттан ұтып алған қаражатын квадроциклдерді сатып алуға жұмсамақ.

Грант иегері Данял Үмбеталов веб-дизайн студиясын ашуға ниетті.

«Біз кәсіпкерлерге интернет желісі арқылы жаңа тұтынушыларды табуға көмектесеміз, сондай-ақ, бизнесті автоматтандыруға, жарнаманы реттеуге, боттарды құруға көмектесетін боламыз», - дейді ол.

Грантты жеңіп алған Гюзаль Ахметова білім беру саласында түрлі курстар бойынша онлайн-платформасын, сонымен қатар шет тілдердің офлайн - академиясын ашқысы келеді.

«Жас кәсіпкер» жобасының алғашқы легіне қатысушы 821 түлектің 604-і 200 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі мемлекеттік грантты алуға үміткер. Жас бизнесмендер мен болашақ кәсіпкерлер өз бизнес-жобаларын комиссия мүшелері алдында екі апта бойы қорғайтын болады.

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер