«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

2013 жылы қазақстандық үлес 62%-дан асты - ИЖТМ

2014 жылғы 10 Сәуір
3497 просмотров

2013 жылы қазақстандық үлес 62%-дан асқан. Бұл туралы бүгін V «Қазақстандық өнім жасаймыз!» форумы барысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Б.Атамқұлов атап өткендей, жергілікті қамтуды дамыту - Мемлекет басшысы алға қойған маңызды міндеттердің бірі. 

«Оны орындауға көп күш пен қаражат шоғырландырылды. 2013 жылдың қорытындысы бойынша тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі 8 трлн теңгені құрады. Соның ішінде отандық өндірушілердің үлесі 5 трлн теңгеге жетті», - деді Б.Атамқұлов. 

Оның келтірген мәліметі бойынша, жергілікті қамтудың үлесі 62,6 пайызды құрады. Соңғы үш жылда жергілікті қамтудың өсімі 1 трлн. 701 млрд теңге шамасында болып отыр. 

«Экономиканы индустрияландыру бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ететін интернет ресурстарды жаңғырту, сондай-ақ отандық тауар, қызмет өндірушілермен жасалған тиянақты жұмыс арқасында осынай жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік», - деп қосты ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер