«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» жер телімдерін алуда кедергілерді азайтты

2019 жылғы 19 Тамыз
4857 просмотров

Жер телімдерін сату және жалға беруге арналған үлгілік келісімшарттардың енгізілуі кәсіпкерлерді шығындар және мемлекеттік органдармен даулардан құтқарды

Бизнеспен айналысуға жер телімдерін берудегі кедергілер отандық кәсіпкерлер – жиі тап болатын өзекті мәселелердің бірі. Бұл өзекті мәселе осыған дейін әкімдіктер және бизнес арасында жер телімдерін сату және жалға беру келісімшарттарын жасауға қатысты болды.

 «Жер телімдерін беру келісімшарттарына әр әкімдік өз шарттарын қосу бойынша практика қалыптасты, бұл шарттар заңда қарастарылмаған. Мәселен, әкімдіктер жер телімнің бағасын келісімшарт жасалған соң өзгерте алған.  Немесе жалға алынған жерлерді иеліктен шығаруға тыйым сала алатын, ал заң жекелеген жағдайларда мемлекеттен жерге құқықты алдын ала сатып алу арқылы жерді басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар келісімшартта уақтылы төленбеген салық келісімшартты бұзуға және жер телімін қайтарып алуға негіз бола алады деп жазылған фактілер тіркелген, дегенмен мұндай жауапкершілік Салық кодексінде жазылғанмен, Жер кодексінде жерді қайтарып алуға себеп болатын басқа негіздемелер  жазылған», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Құрылыс департаментінің директоры Назира Үсенова.

 Кәсіпкерлер шағымдарының көп болуы себепті «Атамекен» «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасына түзетулерді енгізуге бастама жасады. ҰКП осы мәселеде бизнестің мүддесін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге қолдап, ҚР Парламенті Мәжілісінде заңдағы жаңа норманы қорғады.

 Нәтижесінде 2019 жылы нормаға түзетулер енгізілді, оларға сәйкес өкілетті орган жер телімін жалға беру үлгілік шартын, сонымен қатар жерді сату-сатып алу келісімшартын әзірлеу мен бекіту құзыретіне ие болды. Осылайша кәсіпкерлер бір жүйелі мәселеден құтылып, барлық әкімдіктерге бірыңғай талап орнатылды.

 Осы Заң шеңберінде «Атамекен» құрылысқа арналған жер телімдерін негізсіз алып қоюдан кәсіпкерлердің құқығын қорғады. Егер кәсіпкер үш жыл ішінде жер телімін мақсатты қолданбаса, жерді мемлекет күштеп қайтарып алады. Осы ретте «мықты күштер» (меншік иелеріне жер телімдерін сақтауға мүмкіндік бергендер) ауыл шаруашылығына арналған жерлерге ғана қолданылған. Мәселен, бизнесмен егжей-тегжейлі жоспарлаудың бекітілген жобасының болмауы себептен жерден айрылып қалуы мүмкін еді. Бұл жобасыз объектіні салуға сәулет-жоспарлау тапсырманы алу мүмкін емес. Сол үшін жер телімін қайтарып ала алады. «Атамекен» арқылы «мықты күштер» енді ауыл шаруашылығы жерлеріне ғана емес, құрылысқа арналған жер телімдеріне де қолданылады.

«Іс жүзегенде пайдаланылмайтын жер телімдерін сот арқылы қайтарып алуда көп даулар туады. Заңда «игеру» түсінігіне анықтама жоқ, құрылысқа арналған жерлерді игеруге қатысты нақты талаптар жасалмаған. Оның салдары түрде құқық қолданбайтын практикаға әкеп соғады. Мәселен, бір өңірде Сәулет-доспарлау тапсырмасы мен техникалық шарттардың болуы сотқа жерді қайтарып алуға негіз бола алады. Басқа өңірде жерді сараптаманың оң қорытындысының болуында, жер телімінде жұмыс басталмағаны себепті тартып ала алады», – деді Назира Үсенова.

  «Бұл мәселені Жоғарғы Сотпен қосымша қарадық. Біздің қатысуымызбен қазіргі таңда Жоғарғы Соттың сәйкес нормативті қаулылары енгізілуде», –дейді спикер.  

Қабылданған шаралар жер телімдерін негізсіз қайтарып алудан сақтап, шығындарды қысқартып және құқық қолданылмайтын  практиканы алып тастауға мүмкіндік береді.

 «Атамекен» кәсіпкерлерге шешіп берген тағы бір мәселе – мемлекет меншігінен жер учаскелерін беруге арналған инвестициялық жобаны айқындау тәртібін бекіту.  

«Заң әкімдіктерге жер телімдерін инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін аукционсыз беруге рұқсат етеді, алайда мұндай жобаларға талаптардың болмауы себепті әкімдіктер қандай жоба инвестициялық, ал қандай жоба инвестициялық еместігін анықтауға қиналған. Нәтижсінде бұл норма іс жүзінде жұмыс істемеген. Енді әкімдіктер үшін түсінікті тәртіп іске қосылады, ол арқылы кәсіпкер-инвесторлар өз жобаларына арналған жерді аукционсыз ала алады», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Құрылыс департаментінің директоры Назира Үсенова.

 Іске қосылғаннан бері «Атамеккен» ҰКП тізіліміне кәсіпкерліктің 600-ден астам түйткілді мәселесі енді, соның ішінде 428 мәселе – толық шешілді, 123 мәселе қазіргі таңда шешілу кезеңіде тұр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер