«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мектеп формасын тігетін елордалық 7 өндіруші білім беру бағдарламасына қатысады

2019 жылғы 16 Тамыз
- Астана қаласы
5916 просмотров

 Өндірушілердің дүкендерінен елордадағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар балаларына мектеп киімдері және аяқ киімдерін арнайы сертификатпен жеңілдікпен ала алады

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифинг барысында елорда білім  беру басқармасының жетекішісі Әнуар Жанғозин және Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов хабарлады.

Әнуар Жанғозиннің айтуынша, білім беру қоры бойынша сапасыз киім беру салдарынан ата-аналар тарапынан көп шағым түскен. Бұл жайт осыған дейін барлық қажетті киімдер мемлекеттік сатып алулар процедуралары арқылы алынған, онда таңдаудың басты критериі – баға, яғни ең төмен баға ұсынған жеткізуші байқауда жеңіске жеткен, осылайша берілетін тауарлар сапасына кері әсер жасалған.

Енді барлық қажетті киімді ата-аналар қаланың жеті өндірушісі арқылы өздері таңдай алады. 

 «Білім беру қоры арқылы көмек алып отырған ата-аналарға сертификаттарды береміз, аталған құжат бойынша олар іріктелген дүкендерге барып, балаларына қажетті сапалы киім мен аяқ киімді және басқа да заттарды таңдай алады», – деді елорда білім беру басқармасының жетекшісі.

 Әр сертификат атаулы болады, жарамдылық мерзімі – ары қарай ұзарту мүмкіндігімен 15 қыркүйекке дейін.

 «Әр балаға сертификат сомасы 30 мың теңгені құрайды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге біз сапалы әрі қолжетімді бағада мектеп формасын өндіретін отандық жеткізушілерді таңдап алдық», – деді Әнуар Жанғозин.

 Алмат Жүнісов биыл мектеп формасының болжамды тауар айналымы 1,9 млрд теңге құрайтынын айтты.

 «Мектеп формасын өндірушілер саны артып келеді. Қаламызда балаларға арналған футболкалар, нәски шығара бастады, бүкіл ассортимент аталған жобада көрсетілетін болады. Бұл бағыттардың барлығы басымдыққа ие және «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асуда», – деді Алмат Жүнісов.

 Брифинг барысында Үкімет қаулысына сәйкес білім беру қорына жыл сайын мектеп бюджеттерінен ең кемі 1% бөлінетіні анықталды. Биыл мектептерді дамыту бюджеті 42,7 млрд теңгені құрады, осы соманың 1%-ы – 427 млн теңге. Мектеп лагерлерінде төрт мыңнан астам баланың демалысына 131 млн теңге, ыстық тамаққа – 260 млн теңге бөлінді. Нәтижесінде қалған 37 млн ата-аналарға жаңа оқу жылына көмектесуге жетпес еді, сондықтан әкімдік аз қамтылған отбасылардағы жеті мың балаға арнап мектеп формасы және кеңсе тауарларын алуға қосымша 200 млн теңге бөлмек.

 Білім беру бағдарламасы бойынша алты мыңнан астам баланы мектепке дайындау жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер